ОРНАТУ
SOUNDBAR ҚҰРЫЛҒЫСЫН ҚАБЫРҒАДАН АЛУ
1.Soundbar құрылғысын қабырға бекіткішінен алу үшін, оны көрсеткі бағытына қарай басып, сәл жоғары еңкейтіңіз, одан кейін оны суретте көрсетілгендей қабырғадан алыңыз.
●● Орнатылған құрылғының үстіне еш нәрсе ілмеңіз және оның соғылмауын немесе түсіп қалмауын қадағалаңыз.
●● Құрылғыны қабырғаға құламайтындай етіп мықтап бекітіңіз. Егер құрылғы құлап қалса, ол жарақатқа немесе өнімнің бұзылуына себеп болуы мүмкін.
●● Құрылғы қабырғаға орнатылғанда, балалардың қосылым кабельдерін тартпауын қадағалаңыз, себебі құрылғы құлап кетуі мүмкін.
●● Қабырға бекіткіші оңтайлы қызмет атқаруы үшін, теледидар қабырғаға орнатылған болса, динамик жүйесін теледидардан 5 см төмен орнатыңыз.
●● Өнімді қабырғаға бекітпесеңіз, қауіпсіздік мақсатында оны құламайтын қауіпсіз әрі тегіс бетке қойыңыз.
16