SOUNDBAR ҚҰРЫЛҒЫСЫН ҚАБЫРҒАДАН АЛУ
1.Soundbar құрылғысын қабырғаға бекіткіштен ажыратып алу үшін, оны көрсеткі бағытымен итеріңіз де, суретте көрсетілгендей қабырғадан алып тастаңыз.
cОрнатылған құрылғының үстіне еш нәрсе ілмеңіз және оның соғылмауын немесе түсіп қалмауын қадағалаңыз.
cҚұрылғыны қабырғаға құламайтындай етіп мықтап бекітіңіз. Егер құрылғы құлап қалса, ол жарақатқа немесе өнімнің бұзылуына себеп болуы мүмкін.
cҚұрал қабырғаға орнатылып болған соң, баланың жалғанған кабельдерді тартпауын қадағалаңыз, бұл құрылғының құлап кету қаупін тудырады.
cҚабырға ұстағышы оңтайлы қызмет атқаруы үшін, теледидар қабырғаға орнатылған болса, динамик жүйесін теледидардан 5 см төмен орнатыңыз.
cӨнімді қабырғаға бекітпесеңіз, қауіпсіздік мақсатында оны құламайтын қауіпсіз әрі тегіс бетке қойыңыз.
· 12 · Қазақша