АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ
Көмек сұрамас бұрын, мыналарды тексеріңіз.
Құрал қосылмайды.
Қуат сымы розеткаға қосылған ба?
➮Қуат сымын розеткаға қосыңыз.
Түйме басылған кезде функция жүзеге аспайды.
Ауа ағымында статикалық электр заряды бар ма?
➮Қуатты өшіріп қайтадан қосып көріңіз.
Дыбыс шықпайды.
Дыбысты өшіру функциясы қосулы емес пе?
➮ (дыбысын өшіру) функциясынан бас тарту үшін, түймені қайтадан басыңыз.
Дыбыс ең төменгі деңгейге қосылмаған ба?
➮Дыбыс деңгейін жоғарылатыңыз.
Қашықтан басқару құралы жұмыс істемейді.
Батареялардан сұйықтық бөліне ме?
➮Жаңа батарея салыңыз.
Қашықтықтан басқару пульті мен Soundbar негізгі құрылғысының арасындағы қашықтық тым алыс па?
➮Қашықтықтан басқару пультін Soundbar негізгі құрылғысына жақындатыңыз.
TV SoundConnect (Теледидармен жұптау) сәтсіз аяқталды.
Теледидар TV SoundConnect үшін қолдау көрсетеді ме?
➮TV SoundConnect функциясына 2012 жылдан кейін шығарылған Samsung теледидар үлгілері қолдау көрсетеді. Теледидар бұл функцияға қолдау көрсететіндігін тексеріңіз.
Теледидар микробағдарламасының нұсқасы соңғы ма?
➮Теледидарды соңғы микробағдарламаға жаңартыңыз.
Қосу кезінде қате орын ала ма?
➮Samsung байланыс орталығына хабарласыңыз.
➮TV SoundConnect функциясын қалпына келтіріп, қайта қосыңыз. TV SoundConnect функциясының қосылымын қалпына келтіру үшін, p түймесін 5 секунд бойы басып тұрыңыз.
Сабвуфердегі қызыл ЖШД жыпылықтап, сабвуферден дыбыс шықпайды.
Бұндай ақаулық сабвуфер Soundbar негізгі құрылғысына жалғанбаған уақытта орын алады.
➮Сабвуферді қайтадан жалғап көріңіз.
ЛИЦЕНЗИЯ
Manufactured under licence from Dolby Laboratories. Dolby, Dolby Audio and the
For DTS patents, see http://patents.dts.com. Manufactured under licence from DTS Licencing Limited. DTS, the Symbol, DTS in combination with the Symbol, and DTS 2.0 Channel are registered trademarks or trademarks of DTS, Inc. in the United States and/or other countries. © DTS, Inc. All Rights Reserved.
The terms HDMI and HDMI
ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ
•Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер мен кескіндер тек анықтама ретінде берілген және өнімнің нақты түрі өзгеше болуы мүмкін.
•Төмендегі жағдайдың бірінде әкімшілік ақы алынуы мүмкін:
a.инженер өтініш бойынша шақырылса, бірақ өнімде ешқандай ақау болмаса (яғни, осы пайдаланушы нұсқаулығын оқымағансыз);
b.құрылғыны жөндеу орталығына апарсаңыз, бірақ өнімде ешқандай ақау болмаса (яғни, осы пайдаланушы нұсқаулығын оқымағансыз).
•Мұндай әкімшілік ақының көлемі қандай да бір жұмыс орындалмастан немесе үйге бармастан бұрын хабарланады.
· 15 · Қазақша