Бағдарламаны қосқаннан кейін, оның жұмыс істеуіне мобильді құрылғыны кәдімгі зарядтағышпен зарядтау кедергі келтірмейді.

Samsung Galaxy құрылғысын бекіту режимінде қосқаннан кейін, екінші құрылғыны Wireless Audio with Dock жүйесіне қосқанда, Samsung Galaxy құрылғысында Bluetooth режимін өшіру керек болуы мүмкін.

Samsung Galaxy құрылғысын Dual Dock жүйесіне қосуда қиындықтар туындаса, барлық басқа құрылғылардың Bluetooth режимін өшіріңіз.

<Apple құрылғысы>

1.Жоғарыда сипатталғандай режимді таңдаңыз да, Apple құрылғысын Dual Dock жүйесіне «Құрылғыны қос Dual Dock жүйесіне қосу» (13-бет) бөлімінде сипатталғандай қосыңыз.

Шырылдаған дыбыс естіледі.

2. Apple құрылғысының негізгі экранында <Music (Музыка)> мәзірін таңдаңыз.

3. Қалаған музыканы таңдап, ойнатыңыз.

Музыка Wireless Audio with Dock жүйесінің динамиктері арқылы ойнатылады.

Құрылғымен бейнені ойнатып жатқанда, Play/Pause/Next/Back (Ойнату/Кідірту/Келесі/Артқа) әрекеті қол жетімді болмауы мүмкін.

Оны басқару үшін құрылғыдағы түймені пайдаланыңыз.

Үйлесімділік тізімі (Apple құрылғысы)

Бекіту режимімен үйлесімді iPod/iPhone/iPad үлгілері

Осы құрылғымен пайдаланбас бұрын iPod/iPhone/iPad бағдарламалық құралын соңғы нұсқасына жаңартыңыз.

--iPod touch (4-буын) --iPod touch (3-буын) --iPod nano (6-буын) --iPod nano (5-буын) --iPhone 4S

--iPhone 4 --iPhone 3GS --iPad 2

--iPad

iPod бағдарламалық жасақтамасының нұсқасына байланысты құрылғы үйлесімді болмауы және дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Үйлесімсіз Apple құрылғысын қоссаңыз, iPod функциясының ЖД жыпылықтайды.

24

Page 59
Image 59
Samsung DA-E670/RU manual Үйлесімділік тізімі Apple құрылғысы