Құрылғыны пайдалану

Мобильді құрылғыны соңғы бағдарламалық жасақтамаға дейін жаңартуға болады.

Мобильді құрылғыны зарядтағышпен (бөлек сатылады) зарядтауға болады.

Мобильді құрылғы Көп портты адаптерге қосылған кезде, батарея тұтынылуы көтеріледі.

Мобильді құрылғыны Көп портты адаптер арқылы зарядтау оны тікелей зарядтағанға қарағанда ұзақ уақыт алуы мүмкін.

Қуатты үнемдеу үшін пайдаланылмаған кезде зарядтағышты желіден ажыратыңыз. Зарядтағыштың қуат қосқышы жоқ, сондықтан қуатты ысыраптауды болдырмау үшін пайдаланбаған кезде зарядтағышты электр розетка ұясынан ажырату керек. Зарядтау кезінде зарядтағыш электр розетка ұясына жақын және оңай қол жетімді болуы керек.

HD TV құрылғысына қосу

Мобильді құрылғыда үйлесімді HD TV құрылғысы арқылы сақталған бейнелер мен басқа мультимедианы көру үшін Көп портты адаптердегі HDMI портын пайдаланыңыз.

1 HDMI кабелін (бөлек сатылады) Көп портты адаптердегі және HD TV құрылғысындағы HDMI портына қосыңыз.

HDMI кабелін HD теледидарға қосыңыз. Егер кабель дұрыс қосылмаса, онда бейне анық емес көрсетіледі.

HDMI кабелін қосу туралы қосымша мәліметтерді алу үшін теледидардың пайдаланушы нұсқауын қараңыз.

Қазақ тілі

4

Page 149
Image 149
Samsung EE-PW700BWEGWW, EE-PW700BBEGWW manual HD TV құрылғысына қосу