Copyright © 2014 Samsung Electronics

Қауіпсіз әрі дұрыс пайдалану үшін құрылғыны пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықты оқып шығыңыз.

Суреттердің сыртқы түрі нақты өнімнен ерекшеленуі мүмкін. Мазмұн алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.

Bluetooth функциясын пайдалану туралы ескертулер

Құрылғы екінші құрылғыға сымсыз қосылым арқылы қосылса, құрылғыны қосылған құрылғыға жақын орналастырыңыз. Әйтпесе, құрылғы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін немесе оған сигнал кедергілері әсер етуі мүмкін.

Құрылғы мен екінші Bluetooth құрылғысы ең үлкен Bluetooth ауқымының шеңберінде (10 м) екеніне көз жеткізіңіз. Ауқым құрылғы пайдаланылатын ортаға байланысты өзгеруі мүмкін.

Сымсыз қосылымды пайдаланған кезде құрылғы мен қосылған құрылғы арасында кедергілер жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Кедергілер қабырғаларды және қоршамдарды қамтиды. Егер құрылғылар арасында кедергілер болса, жұмыс қашықтығы төмендеуі мүмкін.

Қосылған құрылғыдағы Bluetooth антеннасы жабылмағанына немесе оған кедергі жасалмағанына көз жеткізіңіз.

Bluetooth кейбір өндірістік, ғылыми, медициналық және төмен қуатты өнімдермен бірдей жиілікті пайдаланады және осы өнімдер түрлерінің жанында қосылымдар орнатқанда кедергілер орын алуы мүмкін.

Samsung компаниясы Bluetooth мүмкіндігі арқылы жіберілген немесе алынған деректердің жоғалуына, ұсталуына немесе дұрыс емес пайдаланылуына жауапты емес.

Әрқашан сенімді және тиісті түрде қорғалған құрылғылармен деректерді бөлісіңіз және алыңыз.

Кейбір құрылғылар, әсіресе Bluetooth SIG сынақтан өткізбеген немесе бекітпеген құрылғылар құрылғыңызбен үйлесімді болмауы мүмкін.

Bluetooth мүмкіндігін заңсыз мақсаттарда пайдаланбаңыз (мысалы, файлдардың пираттық көшірмелерін жасау немесе коммерциялық мақсаттарда хабарларды заңсыз түрде алу). Samsung компаниясы Bluetooth мүмкіндігін заңсыз пайдаланудың салдарларына жауапты емес.

40