Құрылғыны тазалағанда мыналарды ескеріңіз

Құрылғыңызды не зарядтағышты сүлгімен не шүберекпен сүртіңіз.

Химикаттар не тазалағыш құралдар пайдаланбаңыз. Бұлай істеу құрылғы сыртының түссізденуіне немесе тот басуына әкелуі мүмкін я болмаса ток соғуына немесе өртке әкелуі мүмкін.

Құрылғыны пайдаланғанда есту қабілетін және құлақтарды қорғау

Есту қабілетіңізге зиянды болдырмау

үшін қатты дыбыстарды ұзақ уақыт бойы тыңдамаңыз.

Жаяу жүргенде қатты дыбыстарды тыңдау көңіліңізді аударып, сәтсіз жағдайға әкелуі мүмкін.

Құрылғыны көлік жүргізу немесе көлікте жүру кезінде пайдаланбаңыз. Бұлай істеу алаңдатуы және апатқа әкелуі мүмкін немесе cіздің аймаққа байланысты заңсыз болуы мүмкін.

Әрқашан құрылғыны пайдаланбай тұрып дыбыс деңгейін төмендетіңіз және сөйлесуді немесе музыканы тыңдау үшін қажет ең аз дыбыс деңгейі параметрін ғана пайдаланыңыз.

Құрғақ орталарда құрылғыда статикалық электр жиналуы мүмкін. Құрылғыларды құрғақ орталарда пайдаланбаңыз немесе құрылғыңызды басқа құрылғыларға қоспай тұрып статикалық электрді кетіру үшін металл затқа тиіңіз.

Шуды басу мүмкіндігі іске қосылған болса, сақ болыңыз

Іске қосылған болса, шуды басу мүмкіндігі қоршаған ортадағы сіз ести алатын шуды азайтады. Өзіңізге не басқаларға жарақат түсірмеу үшін әрдайым сыртқы жағдайларды біліп отырыңыз.

Құрылғыны жарылыс қаупі бар орталарда сөндіріңіз

Жарылысқа қаупі бар орталарды әрқашан ережелерді, нұсқауларды және белгілерді орындаңыз.

Бұл құрылғыны жанармай құю орындарында

(жанармай станцияларында), сұйық отындар немесе химикаттар не жарылғыш заттары бар аймақтарда пайдаланбаңыз.

Құрылғыңызды ауруханада, ұшақта немесе радио жиілік арқылы кедергі келтіруі мүмкін көлік жабдығының жанында пайдаланбаңыз

Осы өнімді тиісті түрде жою

(Электрлік жəне Электроникалық Жабдық қалдықтары)

(Бөлек жинау жүйелері бар елдер үшін қолданылады)

Өнімдегі, қосымша құралдардағы немесе құжаттардағы осы белгі осы өнім мен

оның электрондық қосымша құралдарын (мысалы, зарядтағыш, гарнитура, USB кабелі) басқа үй қоқыстарымен тастауға болмайтынын көрсетеді.

Қоршаған ортаға немесе адам денсаулығына зияны тиюі мүмкін бақылаусыз тасталған қалдықтарды болдырмау үшін осы заттарды қалдықтардың басқа түрлерінен бөлек айырып алыңыз да, материал ресурстарын қоршаған ортаға залалы тимейтіндей қайта қолданысқа түсіруіңізді сұраймыз.

Үй шаруасындағы пайдаланушылар өнімді қауіпсіз қайта өңдеуге жіберу үшін осы элементтерді қайдан жəне қалай алу жолдарын оны сатып алған сауда орнына немесе жергілікті басқару кеңсесіне хабарласуы қажет.

тілі Қазақ

49