Құрылғыны тіркеу және Bluetooth мүмкіндігі арқылы қосу

NFC мүмкіндігі арқылы қосу

1Екінші құрылғыдағы NFC және Bluetooth мүмкіндіктерін іске қосыңыз.

2Құрылғыны қосып, екінші құрылғының NFC антеннасын құрылғыңыздың NFC антеннасына жақындатыңыз.

Құрылғыны қосу басқа құрылғыларға құрылғыңызға қосылуға рұқсат еткеннен кейін аяқталады.

Құрылғылар дұрыстап қосылса, хабарлау шамы тұрақты аралықтармен көк түспен жыпылықтайды.

NFC антеннасының ауданы қосылған құрылғыларға байланысты басқаша болуы мүмкін. Қосымша ақпаратты жалғанған құрылғының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.

Құрылғыңызды қосу алддында қосылған құрылғыдағы экранның құлпы ашылғанына көз жеткізіңіз. Қосылған құрылғының экраны құлыпталғанда NFC мүмкіндігі жұмыс істемейді.

Құрылғыларды қолмен қосу

Bluetooth мүмкіндігін бірінші рет пайдалану алдында құрылғыңызды басқа Bluetooth қолдайтын құрылғылармен жұптастырыңыз. Құрылғы жұптастырылғаннан кейін жақында қосылған құрылғы қосқан сайын құрылғыңызға автоматты түрде қосылады.

1Құрылғыны қосыңыз. Тіркеу түймесін шамамен 3 секунд бойы басып тұрыңыз.

Құрылғы Bluetooth жұптастыру режиміне енеді, сөйтіп хабарлау шамы қызыл, жасыл, содан кейін көк түстермен 3 минут бойы жыпылықтайды.

2Bluetooth мүмкіндігі іске қосылған құрылғыда Bluetooth параметрін реттеу режиміне еніп, Bluetooth құрылғыларын іздеңіз.

3Іздеу нәтижелерінен құрылғы атауын таңдаңыз.

Жұптастыру аяқталған кезде құрылғы атауы құрылғылар тізімінде көрінеді. Құрылғылар дұрыстап қосылса, хабарлау шамы тұрақты аралықтармен көк түспен жыпылықтайды.

Bluetooth мүмкіндігі арқылы қосу әдісі қосылған құрылғыларға байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.

Басқа құрылғыға тек бұрын жалғанған құрылғыны ажырату арқылы қосыла аласыз.

44