Дискіні сақтау және басқару

• Дискілерді ұстау - Дискідегі саусақ іздері немесе

сызаттар дыбыстың және суреттің сапасын төмендетуі немесе кейбір үзінділердің еленбеуін тудыруы мүмкін.

-Деректер жазылған диск бетін ұстамауға тырысыңыз.

-Саусақ іздері бетке түспейтіндей дискіні шеттерінен ұстау керек.

-Дискіге қағаз немесе таспа жапсырмаңыз.

Дискілерді тазалау

-Дискіде саусақ іздері немесе кір

болса, оны сумен араластырылған жұмсақ жуу затымен тазалаңыз, сөйтіп жұмсақ матамен сүртіңіз.

-Тазалағанда дискінің ішінен сыртына қарай жайлап сүртіңіз.

-Дискіні сақтау

Тікелей күн сәулесінде сақтамаңыз.

Оны салқын желдетілген аймақта сақтаңыз.

Таза қорғау қаптамаға салып, тік күйде сақтаңыз.

Қолдануға қатысты ескертулер

Бұл құрылғыға еш нәрсе тамбауы немесе шашырамауы тиіс. Құрылғы үстіне құмыра сияқты сұйықтық құйылған заттарды қоймаңыз.

Құрылғыны толығымен өшіру үшін қуат ашасын розеткадан суыру қажет. Сондықтан, қуат ашасына әрқашан қол жеткізу оңай болуы тиіс.

Қуат ашасын ылғал қолмен ұстамаңыз. Электр тогы соғуы мүмкін.

Бірнеше электрлік құрылғыларды бір розеткаға қоспаңыз. Розеткаға шамадан тыс жүктеме түскенде ол қызып кетіп, өрт шығуы мүмкін.

Бөлімге техникалық қызмет көрсету

-Бұл өнімге басқа құрамдас бөліктерді жалғамас бұрын олардың өшірілгенін тексеріңіз.

-Өнім кенеттен суық жерден жылы жерге апарылған жағдайда, жұмыс бөлшектері мен линзаға ылғал жиналып, дискінің қате ойнатылуына себеп болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, өнімді розеткадан ажыратып, екі сағат күтіңіз де, қуат ашасын розеткаға қосыңыз. Одан кейін, дискіні салып, қайта ойнатып көріңіз.

Егер өнім қалыптан тыс шу, күйік иісі немесе түтін шығарса, дереу қуат қосқышын өшіріп, қуат ашасын розеткадан ажыратыңыз. Содан кейін, ең жақын орналасқан тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына барып, техникалық көмек сұраңыз. Өнімді пайдаланбаңыз. Өнімді бұл жағдайда пайдалану нәтижесінде өрт шығуы немесе тоқ соғуы мүмкін.

Лицензия

Dolby Laboratories лицензиясы бойынша жасалған.

Dolby, Pro Logic және қос-D таңбасы — Dolby Laboratories компаниясының сауда белгілері.

Мына нөмірлердегі АҚШ патенттері бойынша берілген лицензиямен жасалған: 5,956,674, 5,974,380, 5,978,762, 6,487,535, 6,226,616, 7,212,872, 7,003,467, 7,272,567, 7,668,723, 7,392,195, 7,930,184, 7,333,929 және 7,548,853. DTS, DTS-HD, Таңба және DTS немесе DTS-HD және таңбамен бірге тіркелген сауда белгілері болып табылады және DTS Neo:Fusion — DTS, Inc. корпорациясының тіркелген сауда белгілері. ©2012 DTS, Inc. Барлық құқықтары қорғалған.

DIVX БЕЙНЕ ПІШІМІ ТУРАЛЫ: DivX® — Rovi корпорациясының бөлімі болып табылатын DivX,

LLC компаниясы тарапынан жасалған сандық бейне пішімі. Бұл — DivX бейнесін ойнататын ресми DivX Certified® құрылғысы. Қосымша ақпарат және файлдарды DivX бейнелеріне түрлендіретін бағдарламалық құралдарды алу үшін, www.divx.com веб-торабына кіріңіз.

СҰРАУ БОЙЫНША БЕЙНЕ DIVX ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ: Сатып алынған сұрау бойынша бейне (VOD) DivХ фильмдерін ойнату үшін, бұл DivX Certified® құрылғысын тіркеу керек. Тіркеу кодын алу үшін, құрылғының параметрлерін орнату мәзірінен DivX VOD бөлімін табыңыз. Тіркеуді аяқтау жолы туралы қосымша ақпаратты vod.divx.com веб-торабынан қараңыз.

DivX Certified® құрылғысы DivX® бейнелерін, соның ішінде ақылы мазмұнды HD 1080p пішімінде ойнатуға арналған.

DivX®, DivX Certified® және осыған қатысты логотиптер Rovi корпорациясының немесе оның бөлімдерінің сауда белгілері болып табылады және лицензия бойынша пайдаланылады.

Мына АҚШ патенттерінің біреуімен немесе бірнешеуімен қорғалған: 7,295,673; 7,460,668; 7,515,710; 7,519,274

01 Қауіпсіздік Ақпараты

Қазақша 3

Page 63
Image 63
Samsung HT-F6550W/RU manual Дискіні сақтау және басқару, Қолдануға қатысты ескертулер