Желілік маршрутизаторға жалғау Сымсыз желі

Төменде көрсетілген әдістердің бірін пайдалану арқылы өнімді желілік маршрутизаторға жалғауға болады.

Сымды желі

Кең жолақты байланыс модемі

(біріктірілген маршрутизаторы бар)

Кең жолақты

байланыс

қызметі

немесе

Маршрутизатор

Кең жолақты

байланыс

қызметі Кең жолақты

байланыс

модемі

ЕСКЕРТПЕ

Маршрутизатордың немесе Интернет қызметін жеткізушінің саясаты өнімнің Samsung бағдарламалық құралын жаңарту серверіне кіруіне тыйым салуы мүмкін. Егер бұл орын алса, қосымша ақпарат алу үшін Интернет қызметін жеткізушіге (ISP) хабарласыңыз.

DSL пайдаланушылары желіге қосылу үшін маршрутизаторды қолдануы қажет.

AllShare функциясын пайдалану үшін компьютерді желіге жоғарыдағы суреттерде көрсетілгендей қосуыңыз керек.

Қосылым сымды немесе сымсыз болуы мүмкін.

Сымсыз IP бөлісу

құралы

Кең жолақты

байланыс қызметі

ЕСКЕРТПЕ

Егер сымсыз маршрутизатор DHCP протоколын қолдаса, бұл өнім сымсыз желіге қосылу үшін DHCP немесе статикалық IP мекенжайын қолдануы мүмкін.

Сымсыз маршрутизаторды Инфрақұрылымдық режимге қойыңыз. Ad-hoc режиміне қолдау көрсетілмейді.

Өнім тек төменде берілген сымсыз қауіпсіздік кілттерінің протоколдарын қолдайды:

-WEP (OPEN/SHARED), WPA-PSK (TKIP/AES), WPA2-PSK (TKIP/AES)

Ағымдағы уақытта қолданылып тұрмаған сымсыз IP маршрутизаторындағы арнаны таңдаңыз. Егер сымсыз IP маршрутизаторына жақын жерде орналасқан басқа құрылғы пайдаланып жатқан арна орнатылса, бұл кедергілер мен байланыс орнату ақаулықтарын тудыруы мүмкін.

Ең жаңа Wi-Fi куәлігінің техникалық сипаттамаларына сай, Samsung үй кинотеатры WEP, TKIP немесе TKIP-AES (WPS2 аралас) қауіпсіздік шифрланымын 802.11n режимінде іске қосылған желілерде қолдамайды.

Сымсыз жергілікті желі, әдетте, пайдалану жағдайларына байланысты (кіру нүктесінің жұмысы, қашықтық, кедергілер, басқа радио құрылғыларынан болатын кедергілер, т.б.) кедергілер туғызуы мүмкін.

03 Қосылымдар

Қазақша 19

Page 79
Image 79
Samsung HT-F6550W/RU manual Желілік маршрутизаторға жалғау Сымсыз желі, Сымды желі