5.Пайда болған Қауіпсіздік түрі экранында желінің қауіпсіздік түрін таңдау үшін▲▼ түймелерін пайдаланыңыз, одан кейін E түймесін басыңыз. Келесі экранда желінің қауіпсіздік кодын немесе құпия тіркесін енгізіңіз.

Қашықтан басқару құралындағы сан түймешіктерінің көмегімен сандарды тікелей енгізіңіз.

Әріпті ▲▼◄► түймешіктерінің көмегімен таңдау арқылы енгізіп, содан кейін E түймешігін басыңыз.

Аяқтаған кезде, Дайын параметрін таңдап, E түймесін басыңыз. Өнім желіні іздейді.

6.Желі қосылымы орнатылмады экраны пайда болады. ◄► түймелерін пайдаланып IP прм- лері тармағын таңдаңыз, одан кейін E түймесін басыңыз.

7.IP парам-рі өрісін таңдап, оны Қолмен енгізу параметріне орнатыңыз.

8.Енгізілетін желі мәнін (IP мекенжайы, мысалы) таңдап, E түймесін басыңыз. Мәннің сандарын енгізу үшін қашықтан басқару құралындағы сандық пернетақтаны пайдаланыңыз. Сондай-ақ, сандарды ▲▼ түймелерін пайдаланып енгізуге болады. Мән ішінде жазба өрісінен жазба өрісіне жылжу үшін қашықтан басқару құралындағы ◄► түймелерін пайдаланыңыз. Бір мәнді аяқтағанда, E түймесін басыңыз.

9.Басқа мәнге өту үшін ▲ немесе ▼ түймесін басыңыз, одан кейін 8-қадамдағы нұсқауларды орындау арқылы сол мән үшін сандарды енгізіңіз.

10.Барлық мәндерді толтырғанша 8 және 9-қадамдарды қайталаңыз.

ЕСКЕРТПЕ Желі мәндерін Интернет провайдерінен алуыңызға болады.

11.Аяқтаған кезде, ОК параметрін таңдап, E түймесін басыңыз. Қауіпсіздік экраны пайда болады.

12.Қауіпсіздік экранында желінің қауіпсіздік кодын немесе құпия тіркесін енгізіңіз. Қашықтан басқару құралындағы сандық түймелерді пайдаланып сандарды тікелей енгізіңіз. Әріпті▲▼◄► түймелерімен таңдау, одан кейін E түймесін басу арқылы әріптерді енгізіңіз.

13.Аяқтаған кезде, экранның оң жағындағы Дайын параметрін таңдап, E түймесін басыңыз. Өнім желі қосылымын тексеріп, одан кейін желіге қосылады.

14.Үй кинотеатры желіні тексергеннен кейін, OK параметрін таңдап, E түймесін басыңыз.

ЕСКЕРТПЕ Сондай-ақ, Қолдық желі параметрін Параметрлер

>Желі > Желі күйі тармағына өту арқылы бастай аласыз.

WPS(PBC)

Сымсыз желі қосылымын орнатудың ең оңай жолдарының бірі WPS(PBC) функциясын пайдалану болып табылады. Сымсыз маршрутизаторда WPS(PBC) түймесі болса, келесі қадамдарды орындаңыз:

25-беттегі «Желі қосылымын реттеу» бөлімінің

1-3-қадамдарын орындағаннан кейін.

1.Желі параметрлері экранында Желі түрі параметрін Сымсыз параметріне өзгертіңіз. Өнім қол жетімді желілерді іздеп, оларды тізім түрінде көрсетеді.

2.Тізімде төмен жылжып, WPS(PBC) тармағын таңдаңыз да, E түймесін басыңыз.

3.Екі минут ішінде маршрутизатордағы WPS(PBC) түймесін басыңыз. Өнім өзіне керекті желі параметрлерінің мәндерін автоматты түрде алып, желіңізге қосылады. Өнім желіге желі қосылымы расталғаннан кейін барып қосылады.

4.Аяқтағаннан кейін ОК тармағын бөлектеп, E түймесін басыңыз.

ЕСКЕРТПЕ

WPS қосылымы үшін сымсыз маршрутизатордың қауіпсіздік шифрлауын AES деп орнатыңыз. WEP қауіпсіздік шифрлауы WPS қосылымын қолдамайды.

Wi-Fi Direct

Wi-Fi Direct функциясы сымсыз маршрутизаторсыз, тең құқылы желі арқылы Wi-Fi Direct құрылғыларын өнімге және бір-біріне қосуға мүмкіндік береді.

ЕСКЕРТПЕ

Кейбір Wi-Fi Direct құрылғылары Wi-Fi Direct арқылы қосылған болса AllShare функциясын қолдамауы мүмкін. Бұл жағдайда, құрылғыны үй кинотеатрына қосу үшін пайдаланылған желі қосылымы әдісін өзгертіңіз.

Wi-Fi Direct функциясы арқылы жіберу Bluetooth сигналына кедергі келтіруі мүмкін. Bluetooth функциясын қолданар алдында қандай да бір қосулы тұрған құрылғыдағы Wi-Fi Direct функциясын өшіру ұсынылады.

1.Wi-Fi direct құрылғысын қосып, оның Wi-Fi Direct функциясын іске қосыңыз.

2.Басты экранда Параметрлер тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

3.Желі тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

4.Wi-Fi Direct тармағын таңдап, E түймесін басыңыз. Қосылуға болатын Wi-Fi Direct құрылғылары пайда болады.

04 Параметрлер

Қазақша 27

Page 87
Image 87
Samsung HT-F6550W/RU manual Wi-Fi Direct