ЕСКЕРТПЕ Динамикті теледидардың жанына қойсаңыз, экранның түсі магниттік өріс себебінен бұрмалануы мүмкін.

Сымсыз қабылдағыш модульді тыңдау орнының артқы жағына орналастырыңыз. Сымсыз қабылдағыш модуль өнімге тым жақын болса, кедергіге байланысты динамиктерден шығатын дыбыс бұрмалануы мүмкін.

Өнімнің жанында микротолқынды пешті, сымсыз желі картасын немесе 2,4/5,8 ГГц жиіліктерін қолданатын кез- келген басқа құрылғыны пайдалансаңыз, кедергіге байланысты динамиктерден шығатын дыбыс бұрмалануы мүмкін.

Өнімнен сымсыз қабылдағыш модульге тасымалдаудың ең көп ара қашықтық шамамен 33 футты (10 м) құрайды, бірақ жұмыс ортасына қарай одан басқа болуы мүмкін. Өнім мен сымсыз қабылдағыш модуль арасында темір бетоннан жасалған немесе металдан жасалған қабырға болса, жүйе мүлдем жұмыс істемеуі мүмкін, себебі радио толқындар метал арқылы өте алмайды.

Өнім сымсыз байланыс орнатпаса, өнім мен сымсыз қабылдағыш модуль арасында Идентификаторды орнату процедурасын іске қосу қажет. Өнімді өшіріп, қашықтан басқару пультінде "0""1""3""5" түймелерін басыңыз. Сымсыз қабылдағыш модульді қосыңыз. Одан кейін, сымсыз қабылдағыш модульдің артқы жағындағы «ID SET» (Идентификаторды орнату) түймесін 5 секунд басып, ұстап тұрыңыз, одан кейін өнімді қосыңыз.

Тороидтық феритті өзекті Сымсыз қабылдағыш модулінің қуат

сымына тіркеу (SWA-6000)

Егер торидтық феритті өзекті сымсыз қабылдағыш модулінің қуат сымына тіркесеңіз, ол радио сигналдарынан келген RF кедергісін болдырмауға көмектеседі.

1.Тороидтық ферриті өзегін ашу үшін оның бекіткіш тілін тартыңыз.

2.Өзек айналасына сымсыз қабылдағыш модулінің қуат сымымен екі

жинақ жасаңыз.

3.Тороидтық феритті өзекті сымсыз қабылдағыш модулінің қуат сымына суретте көрсетілгендей тіркеп, оны жабу үшін сырт еткенше басыңыз.

• Феритті өзекті сымсыз қабылдағыш модуліне мүмкіндігінше жақын тіркеңіз.

03 Қосылымдар

Қазақша 17

Page 77
Image 77
Samsung HT-F6550W/RU manual Қазақша