Алдыңғы дисплей

және VOL +, - түймелерінің жарықтығын өзгерту мүмкін емес.

Динамик параметрлері

Дыбыс шығысы үшін Тлд динамигі таңдалғанда, дыбыс теледидар динамиктері арқылы шығарылады.

HDMI дыбысы

HDMI дыбысы ТД динамиктеріне шығарылғанда, ол автоматты түрде 2 арнаға дейін төмендетіледі.

Дыбыстық кері арна

Anynet+ (HDMI-CEC) үшін Өшіру параметрі таңдалғанда, Дыбыстық кері арна функциясы қол жетімді болмайды.

ARC (Дыбысты қайтару арнасы) үшін жарамдылығы расталмаған HDMI кабелін пайдалану үйлесімділік мәселесін тудыруы мүмкін.

ARC функциясы тек ARC мүмкіндігімен үйлесімді теледидар қосылғанда қол жетімді болады.

Ойнату

Бейне файлдарын ойнату

Бит ағыны жоғары (20 Мбит/с немесе одан көп) бейне файлдар өнімнің мүмкіндіктерін шектеп, ойнату кезінде ойнатуды тоқтатып тастауы мүмкін.

Дыбыс тілін таңдау

BONUSVIEW бөлімінде ешбір BONUSVIEW дыбыс параметрлері болмаса, экранда ◄► белгісі көрсетілмейді.

Audio Language (Аудио тілі) функциясы арқылы пайдалануға болатын тілдер дискіде кодталған тілдерге тәуелді болады. Бұл функцияны немесе белгілі тілдерді пайдалану мүмкін болмауы ықтимал.

Кейбір Blu-ray дискілері PCM немесе ағылшын тіліндегі Dolby Digital дыбыс жолын таңдауға мүмкіндік береді.

Субтитр тілін таңдау

Blu-ray / DVD дискісіне байланысты, қалаған субтитр тілін Диск мәзірі ішінен өзгертуге болады. DISC MENU түймесін басыңыз.

Бұл функция дискіге кодталған субтитр тілдеріне байланысты болып, Blu-ray /DVD дискілерінің барлығында бола бермеуі мүмкін.

Негізгі мүмкіндік BONUSVIEW режимі туралы ақпарат Blu-ray дискінің BONUSVIEW бөлімі болған жағдайда да көрсетіледі.

Бұл функция бастапқы және соңғы субтитрді бірге өзгертеді.

Негізгі және қосалқы субтитрлердің жалпы саны тиісінше көрсетіледі.

JPEG файлдарын ойнату

Субтитрді және PG графикасын толық экранды режимде үлкейту мүмкін болмайды.

Мазмұнды Ойнату

Суреттерді ойнату кезінде TOOLS түймесін пайдалану

Егер үй кинотеатры BD Wise Қосу параметрі қосылған BD Wise мүмкіндігімен үйлесімді теледидарға жалғанған болса, Сурет Параметрлер мәзірі көрсетілмейді.

Фондық әуен функциясы музыка файлы мен фотосурет файлы бірдей сақтау құрылғысында орналаспаса жұмыс істемейді. Сондай-ақ, дыбыс сапасына MP3 музыка файлының бит жылдамдығы, фотосуреттің өлшемі және кодтау әдісі әсер етуі мүмкін.

Диск және пішім үйлесімділігі

Өнім ойнататын диск түрлері мен мазмұндар

Мультимедиа

Диск түрі

Мәліметтер

 

Blu-ray дискісі

BD-RE пішімінде

 

3D Blu-ray

жазылған BD-ROM

 

дискісі

немесе BD-RE/-R дискі.

БЕЙНЕ

DVD-VIDEO,

DVD-VIDEO, жазылған

және пішімделген

 

DVD-RW,

DVD+RW/DVD-RW(V)/

 

DVD-R,

DVD-R/+R дискілері

 

DVD+RW,

немесе DivX, MKV, MP4

 

DVD+R

мазмұндарын қамтитын

 

 

USB жад құрылғысы.

 

 

CD-RW/-R, DVD-RW/-R,

 

CD-RW/-R,

BD-RE/-R дискілеріне

МУЗЫКА

жазылған музыка

DVD-RW/-R,

 

BD-RE/-R

немесе MP3 не WMA

 

мазмұндарын қамтитын

 

 

USB сақтау құралы.

 

 

CD-RW/-R, DVD-RW/-R,

 

CD-RW/-R,

BD-RE/-R дискілеріне

ФОТОСУРЕТ

жазылған фотосуреттер

DVD-RW/-R,

 

BD-RE/-R

немесе JPEG

 

мазмұндарын қамтитын

 

 

USB сақтау құралы.

Қосымша

51 - Қазақша