Параметрлер

Динамикалық диапазонды бақылау

Динамикалық диапазонды бақылау мүмкіндігін Dolby Digital, Dolby Digital Plus және Dolby TrueHD аудио жүйесіне қолдануға мүмкіндік береді.

Авто: Dolby TrueHD дыбыс жолындағы ақпарат негізінде Dolby TrueHD дыбысының динамикалық диапазонын автоматты түрде басқарады. Сондай-ақ, Dolby Digital және Dolby Digital Plus үшін динамикалық диапазон басқаруын өшіреді.

Өшіру: динамикалық диапазонды қыспай, бастапқы дыбысты естуге мүмкіндік береді.

Қосу: барлық үш Dolby пішімі үшін динамикалық диапазон бақылауын қосады. Әлсіз дыбыстар күшейтіледі және қатты дыбыстардың деңгейі төмендетіледі.

Төмендету режимі

Стерео жүйемен үйлесімді бірнеше арналы араластыру әдісін таңдауға мүмкіндік береді. Өнімді төмен араластыруды Қалыпты стерео немесе Көлемді дыбыспен үйлесімді параметріне реттеуді таңдауға болады.

Аудио синхр.

Өнім сандық теледидарға тіркелгенде, дыбыс бейнемен синхрондалуы үшін бейне кідірісін реттеуге мүмкіндік береді. Кідірісті 0 және 300 миллисекунд арасында орнатуға болады.

Аудио синхр. ішіндегі Авто функциясының ARC функциясын (Anynet+ функциясын) қолдайтын Samsung теледидарымен жұмыс істейтініне кепілдік берілген.

ЖеліЖелі күйіАғымдағы желі және Интернет күйін тексеруге мүмкіндік береді.Желі параметрлері

Интернет қызметтері немесе AllShare WiFi мүмкіндігі сияқты әртүрлі мүмкіндіктерді пайдалану және бағдарламалық құралды жаңарту үшін желі қосылымын конфигурациялауға мүмкіндік береді.

Wi-Fi Direct

Сымсыз маршрутизаторсыз, тең құқылы желі арқылы Wi-Fi Direct құрылғысын өнімге қосуға мүмкіндік береді. Өнім сымсыз желіге қосылған болса, Wi-Fi Direct байланысын қолданғанда ол ажыратылуы мүмкін екенін ескеріңіз. (23-бетті қараңыз)

Wi-Fi Direct функциясы қолданылып жатқанда, .TXT немесе .DOC кеңейтімі бар файлдар сияқты мәтіндік файлдар көрсетілмейді.

Мультимедиа құрылғы параметрлері

Желідегі смартфон мен планшеттер сияқты басқа құрылғылардың өніммен мазмұнды бөлісе алуына мүмкіндік береді.

Құрылғы атауы

Өнімге анықтамалық атау тағайындауға мүмкіндік береді. Бұл атауды өнімге сыртқы WiFi құрылғыларын (смартфондар, планшеттер, т.б.) қосқанда, оны анықтау үшін пайдалана аласыз.

BD-Live параметрлері

Түрлі BD-Live функцияларын орнатуға мүмкіндік береді. BD-Live функциясы Интернетке қосылып отырсаңыз, кейбір Blu-ray дискілерінде болатын қосымша мүмкіндіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

BD-Live интернет қосылымы : BD-Live интернет қосылымына толығымен рұқсат беруге, жартылай рұқсат беруге немесе тыйым салуға мүмкіндік береді.

BD деректерді басқару : BD-Live қызметінен немесе Blu-ray дискінен жүктелген BD деректерін басқарады.

BD-Live функциясын пайдалану үшін USB сақтау құрылғысын үй кинотеатрының USB портына қосу керек.

18 - Қазақша