4.MEMORY түймесін қайтадан басыңыз.

NUMBER (НӨМІР) жазуы дисплейден өздігінен жоғалмай тұрып, MEMORY түймесін басыңыз.

MEMORY түймесі басылғаннан кейін, NUMBER (НӨМІР) жазуы дисплейден жоғалады және станция жадта сақталады.

5.Басқа станцияға алдын ала орнату үшін, 2 – 4 қадамдарды қайталаңыз.

Алдын ала орнатылған станцияға реттеу үшін PRESET түймесін басып, PRESET тармағын таңдаңыз, одан кейін алдын ала орнатылған станцияны таңдау үшін 78 түймелерін басыңыз.

Арнайы әсерлерді қашықтан басқару құралының түймелерін пайдалану

ДЫБЫС ӘСЕРІ функциясы

Дыбысты оңтайландыратын режимді таңдауға мүмкіндік береді.

1.SOUND EFFECT түймесін басыңыз.

2.Қажетті режимді таңдау үшін, 78 түймесін басыңыз: DSP, Virtual Surround, SFE режимі, немесе Спорт.

3.Қажетті дыбыс әсерін таңдау үшін, :; түймелерін басыңыз.

DSP

MP3 Enhancer : дыбысты тыңдаудан алынатын әсерді (мысалы, mp3 музыкасын) күшейтуге көмектеседі. MP3 деңгейіндегі дыбысты (24 кГц, 8 бит) ықшам диск деңгейіндегі дыбысқа (44,1 кГц, 16 бит) көтеруге болады.

Power Bass : басс үндерінің дыбыс деңгейін көбейтіп, үнсіз дыбыс әсерін береді.

Өшіру : қалыпты тыңдау үшін осыны таңдаңыз.

Virtual Surround

Дыбысты 5.1 арналы көлемді режимде шығару үшін екі арналы кіріс көзін орнатуға болады.

SFE режимі

Symphony Hall in Boston (Hall 1) : концерт залында тыңдалғандай әсер қалдыратын таза дыбыс шығарады.

Philharmonic Hall in Bratislava (Hall 2) : концерт залында тыңдалғандай әсер қалдыратын

таза дыбыс шығарады, бірақ HALL1 күйіне қарағанда күші аздау болады.

Jazz Club in Seoul B : джаз музыкасын тыңдағанда ұсынылатын параметр.

Church in Seoul : үлкен шіркеуде отырғандай әсер береді.

Amphitheater (Rock) : рок музыкасын тыңдағанда ұсынылатын параметр.

Өшіру : қалыпты тыңдау үшін осыны таңдаңыз.

Спорт

Диктор : ойынға толығымен ену үшін спорт ойындары кезінде комментатордың дауысын көтеріңіз.

Стадион : алаңды сезіну үшін спорт ойындары кезінде көрермендердің қошемет дауыстарын көтеріңіз.

Өшіру : қалыпты тыңдау үшін осыны таңдаңыз.

DTS Neo:Fusion II

Деңгей параметрлерін пайдаланып дыбыстың тереңдігін реттеу арқылы реңктері күшейтілген табиғи және әрі қанық көлемді дыбысты тыңдай аласыз.

Өшіру Қосу

Ойнату Мазмұнды

41 - Қазақша