САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

 

 

62.786cminch

93.91cminch

 

93.91cminch

93.91cminch

Үйіңіздегі айнымалы ток көзі өнімнің артында орналасқан идентификациялық жапсырмада көрсетілгенге сай екеніне көз жеткізіңіз. Өнімді ыңғайлы жерге (жиһаздың үстіне), айналасында желдетуге жеткілікті бос орын (7-10 см) қалдырып, көлденең қойыңыз. Желдеткіш ұялардың жабылып қалмауын қадағалаңыз. Ойнатқышты күшейткіштердің немесе басқа ысып кететін жабдықтың үстіне қоймаңыз. Бұл өнім ұзақ пайдалануға арналған. Құрылғыны толығымен өшіру үшін айнымалы ток штепсельдік ұшын розеткадан суырып алыңыз. Ұзақ уақыт пайдаланбайтын болсаңыз, құрылғыны ажыратыңыз.

Найзағайлы дауыл болғанда айнымалы ток штепсельдік ұшын розеткадан суырыңыз. Найзағайдан кернеудің барынша күрт жоғарылауы құрылғыны зақымдауы мүмкін.

Өнімді ылғалдан (мысалы, құмыралардан), шамадан тыс жылудан (мысалы, камин) және күшті магниттік немесе электр өрістерін тудыратын жабдықтардан қорғаңыз. Өнім жұмысында ақаулық пайда болса, қуат кабелін айнымалы ток көзінен ажыратыңыз. Өнім өндірістік мақсатта пайдалануға арналмаған. Бұл өнім тек жеке пайдалануға арналған.

Өнім суық жерде сақталған болса, конденсация орын алуы мүмкін. Егер құрылғы қыста тасымалданған болса, пайдалану алдында ол бөлме температурасына жеткенше шамамен 2 сағат күтіңіз.

Құрылғыға күн сәулесін немесе басқа жылу көздерін түсірмеңіз.

Бұл құрылғының шамадан тыс қызуына және дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.

Осы өнімнің батареяларында қоршаған ортаға зиянды химиялық заттар бар.

Батареяларды үй қоқысымен бірге тастамаңыз.

4

Page 27
Image 27
Samsung HW-E350/RU manual Сақтық Шаралары