мүмкіндіктері

TV SoundConnect

TV SoundConnect мүмкіндігі Bluetooth байланысы арқылы Soundbar жүйесінде теледидар дыбысын шығарады және дыбысты басқарады.

3D SOUND

3D SOUND мүмкіндігі жақсы тыңдау үшін тереңдік пен көлемділік қосады.

Сымсыз сабвуфер

Негізгі құрылғыға сабвуферді қосу үшін қосымша сымсыз Samsung модулі қажет емес.

Оның орнына, сабвуфер негізгі құрылғымен байланысатын шағын сымсыз модульге жалғанады.

Арнайы дыбыс режимі

Тыңдайтын мазмұн түріне байланысты әр түрлі дыбыс режимінің ішінен таңдауға болады: MUSIC (МУЗЫКА) / VOICE (ДАУЫС) / SPORTS (СПОРТ) / CINEMA (КИНОТЕАТР) / STANDARD (Бастапқы Дыбыс).

Көп функциялы қашықтан басқару құралы

Жинақпен берілген қашықтан басқару құралын түймені жай ғана басу арқылы әр түрлі операцияларды басқару үшін пайдалануға болады.

Белсенді динамик жүйесі

Бұл құрылғыда біртұтас жұқа құрылғы арқылы жоғары сапалы дыбыспен қамтамасыз ететін Белсенді динамик жүйесі бар. Бұл құрылғыға әдетте қалыпты көлемді дыбыс жүйелерімен байланысты қандай да бір қосымша динамик жүйелері немесе динамик кабельдері қажет емес.

USB Host қолдауы

Soundbar's USB HOST функциясы арқылы MP3 ойнатқышы, USB флеш-жады, т.б. сыртқы USB сақтау құрылғыларын жалғап, музыка файлдарын ойнатуға болады.

Bluetooth функциясы

Жоғары сапалы стерео дыбыспен музыканы сымсыз тыңдау үшін Bluetooth құрылғысын Soundbar жүйесіне қосуға болады!

ЛИЦЕНЗИЯ

Dolby Laboratories лицензиясы бойынша жасалған. «Dolby» және қос D таңбасы Dolby Laboratories компаниясының сауда белгілері болып табылады.

5,956,674; 5,974,380; 6,487,535 нөмірлі АҚШ патенттері бойынша және басқа АҚШ пен дүние жүзіндегі берілген және қарастырылып жатқан патенттер бойынша өндірілген. DTS, Таңба, сондай-ақ DTS пен Таңба – барлығы DTS, Inc компаниясының тіркелген сауда белгілер, ал DTS 2.0 Channel сауда белгісі болып табылады. Өнімде бағдарламалық құрал бар. © DTS, Inc. Барлық құқықтары қорғалған.

-Ашық көздерге байланысты сұрақтар мен өтініштеріңізді электрондық пошта (oss.request@samsung.com) арқылы

Samsung компаниясына жіберіңіз.

2

Page 23
Image 23
Samsung HW-H430/RU manual Мүмкіндіктері