байланыстар

ҚАБЫРҒА КРОНШТЕЙНІН ОРНАТУ

Осы құрылғыны қабырға кронштейнінің көмегімен қабырғаға ілуіңізге болады.

Орнатудың сақтық шаралары

Тек тік қабырғаға орнатыңыз.

Орнату үшін температурасы немесе ылғалдығы жоғары жерді не болмаса құрылғы салмағын көтере алмайтын қабырғаға орнатпаңыз.

Қабырғаның беріктігін тексеріңіз. Егер қабырға құрылғыны ұстап тұру үшін жеткілікті күшті болмаса, қабырғаны қатайтыңыз немесе құрылғыны салмағын ұстап тұра алатын басқа қабырғаға орнатыңыз.

Сіздегі қабырғаның түріне (гипсокартон, темір тақта, ағаш, т.б.) жарайтын бекіту бұрандаларын пайдаланыңыз. Мүмкін болса бұрандаларды қабырға шегелеріне бекітіңіз.

Құрылғыны қабырғаға орнатпас бұрын оның кабельдерін сыртқы құрылғыға жалғаңыз.

Орнатпас бұрын құрылғының сөніп және ажыратылып тұрғанын тексеріңіз. Әйтпесе, ток соғуы мүмкін.

1.Қабырға кронштейнін қабырға бетіне қойып, оны екі

бұрандамен бекітіңіз (жинақта берілмеген). Құрылғыны теледидардан төмен іліп жатсаңыз, көрсеткі () теледидардың ортасына қойылатындай етіп қабырғаға орнату кронштейнін міндетті түрде орнатыңыз.

Сондай-ақ, құрылғының теледидардан кемінде екі дюйм (5 см) төмен екенін тексеріңіз.

2. Құрылғыны қабырға кронштейнінің тиісті ұяларына салыңыз. Орнату қауіпсіз болу үшін бұрандалар ұялардың төменгі бөлігіне түскенін қадағалаңыз.

12

3. Орнату аяқталды.

5см немесе көбірек

Орнатылған құрылғының үстіне еш нәрсе ілмеңіз және оның соғылмауын қадағалаңыз.

Құрылғыны қабырғаға құламайтындай етіп бекітіңіз. Егер құрылғы құлап қалса, ол өнім жұмысының ақаулығын тудыруы мүмкін.

Құрал қабырғаға орнатылып болған соң, баланың жалғанған кабельдерді тартпауын қадағалаңыз, бұл құрылғының құлап кету қаупін тудырады.

Қабырғаға орнатылған құрылғы оңтайлы жұмыс істеуі үшін динамиктерді теледидардан кем дегенде 5 см қашыққа қойыңыз.

10

Page 31
Image 31
Samsung HW-H430/RU manual Байланыстар, Қабырға Кронштейнін Орнату