СЫМСЫЗ САБВУФЕРГЕ ҚОСЫЛУ

Арна идентификаторы (ID) зауытта жасалу кезінде орнатылады, сондықтан негізгі құрылғы мен сабвуфер құрылғыны қосқан кезде автоматты түрде байланысуы керек. Егер негізгі құрылғы мен сабвуфер қосылған кезде байланыс көрсеткіші () жанбаса, идентификаторды төмендегі процесті орындау арқылы орнатыңыз.

1.Негізгі құрылғы және сабвуфердің қуат сымдарын айнымалы ток розеткасына қосыңыз.

2.Сабвуфердің артқы жағында орналасқан ID SET түймесін шағын өткір затпен 5 секунд басып тұрыңыз.

• STANDBY көрсеткіші өшірулі болады, ал LINK көрсеткіші (КӨК) тез жыпылықтайды.

3.Негізгі құрылғы өшіріліп тұрғанда (STANDBY (Күту) режимі) қашықтан

басқару құралындағы MUTE түймесін 5 секунд басып тұрыңыз.

4. Негізгі құрылғының ВФ дисплейіне (VFD) ID SET хабары шығады.

5. Байланысты аяқтау үшін сабвуфердің Көк ЖШД жыпылықтап тұрғанда негізгі құрылғының қуатын қосыңыз.

• Негізгі құрылғы мен сабвуфер қазір байланысты (қосылды).

Сабвуфердің Link (Байланыс) көрсеткіші (көк ЖШД) қосылды.

Дыбыс әсерін таңдау арқылы сымсыз сабвуферден дыбысты жақсырақ естуге болады.

LINK (Байланыс) көрсеткіші үздіксіз көк болып жанбаса, байланыстыру процесінің орындалмағаны. Негізгі құрылғыны өшіріп, 2-қадамнан қайта бастаңыз.

Өнімді жылжытпас немесе орнатпас бұрын, қуаттың және қуат сымының ажыратылғанын тексеріңіз. Егер негізгі құрылғы өшірілсе, сымсыз сабвуфер күту режимінде болады және Link

(Байланыс) көрсеткіші (көк ЖШД) 30 секунд жыпылықтағаннан кейін жоғарғы жақтағы STANDBY LED (КҮТУ ЖШД) қосылады.

Егер жүйенің жанында бірдей жиілікті (2,4 ГГц) пайдаланатын құрылғыны қолдансаңыз, кедергіден дыбыстың жоғалып кетуі мүмкін.

Сымсыз сигналдардың жіберілу ара қашықтығы шамамен — 10 м, алайда жұмыс істеу ортасына байланысты басқаша болуы мүмкін. Егер негізгі құрылғы мен сымсыз сабвуфердің арасында темір бетонды немесе метал қабырға болса, сымсыз сигналдар темірден өте алмайтын болғандықтан жүйе мүлде жұмыс істемеуі мүмкін.

Егер негізгі құрылғының сымсыз байланысы орнамаған болса, жоғарыдағы 1-5 қадамдарды қайтадан жасаңыз.

Сымсыз сигналдар қабылдайтын антенна сабвуфердің ішіне орнатылған. Құрылғыны судан және ылғалдан аулақ ұстаңыз.

Оңтайлы түрде тыңдау үшін, сымсыз сабвуфердің айналасында кедергілердің жоқ екенін тексеріңіз.

KAZ

БАЙЛАНЫСТАР

11

Page 32
Image 32
Samsung HW-H430/RU manual Сымсыз Сабвуферге Қосылу, Байланыстар