Samsung HW-J6000/RU manual Байланыстар

Models: HW-J6000/RU

1 90
Download 90 pages 54.64 Kb
Page 46
Image 46

БАЙЛАНЫСТАР

● Өнімді жылжытпас немесе орнатпас бұрын қуаттың жəне қуат сымының ажыратылғанын тексеріңіз.

Егер негізгі құрылғы өшірілсе, сымсыз сабвуфер күту режимінде болады жəне Link (Байланыс) көрсеткіші (Көк ЖШД) 30 секунд жыпылықтағаннан кейін жоғарғы жақтағы STANDBY LED (Күту ЖШД) қосылады.

Егер Soundbar жүйесінің жанында Soundbar жүйесімен бірдей жиілікті (2,4 ГГц) пайдаланатын құрылғы қолдансаңыз, кедергіден дыбыс біраз жоғалуы мүмкін.

Негізгі құрылғы мен сабвуфердің арасындағы сымсыз сигналдардың жіберілу қашықтығы – шамамен 10 м, алайда жұмыс істеу ортасына байланысты басқаша болуы мүмкін. Егер негізгі құрылғы мен сымсыз сабвуфердің арасында темір бетонды немесе метал қабырға болса, сымсыз сигналдар темірден өте алмайтын болғандықтан жүйе мүлде жұмыс істемеуі мүмкін.

Егер негізгі құрылғы сымсыз қосылым орнатпаса, негізгі құрылғы мен сымсыз сабвуфердің арасында қосылымды қайта орнату үшін алдыңғы беттегі 1-5-ші қадамдарды орындаңыз.

● Сымсыз қабылдағыш антенна сымсыз сабвуферге орнатылған. Құрылғыны судан жəне ылғалдан аулақ ұстаңыз.

Оңтайлы түрде тыңдау үшін, сымсыз сабвуфердің айналасында кедергілердің жоқ екенін тексеріңіз.

16

Page 46
Image 46
Samsung HW-J6000/RU manual Байланыстар