СИПАТТАМАЛАРЫ

ҚАШЫҚТАН БАСҚАРУ ҚҰРАЛЫ

SOURCE

Soundbar жүйесіне қосылған дыбыс көзін таңдау үшін басыңыз.

ДЫБЫСЫН ӨШІРУ

Түймені басу арқылы дыбыс деңгейін 0-ге апаруға болады. Дыбысты алдыңғы деңгейде қосу үшін қайтадан басыңыз.

ҚАЙТАЛАУ

USB құрылғысынан әуенді ойнату кезінде ҚАЙТАЛАУ функциясын орнатуға болады.

OFF - REPEAT : Қайта ойнатуды тоқтатады.

TRACK - REPEAT : Жолды қайталап ойнату.

ALL - REPEAT : Барлық жолдарды қайталап ойнату.

RANDOM - REPEAT : Жолдар кез келген ретпен ойнатылады. (Ойнатылған жол қайта ойнатылуы мүмкін.)

Алға қарай өту

Ойнатылып жатқан құрылғыда екі немесе одан көп файл болса және ] түймесі басылса, келесі файл таңдалады.

SOUND CONTROL (*Дыбыс деңгейін реттеу үшін [,] түймелерін пайдаланыңыз.)

TREBLE, BASS немесе AUDIO SYNC режимін таңдау үшін басыңыз. Одан кейін, [,] түймелерін басып, Жоғары жиілік, Басс режимдеріндегі дыбыс деңгейлерін -3 және +3 аралығында реттеңіз.

Әр жиіліктер диапазоны үшін дыбысты реттеу үшін SOUND CONTROL түймесін шамамен 5 секунд бойы басып тұрыңыз. 150 Гц, 300 Гц, 600 Гц, 1,2 кГц, 2,5 кГц, 5 кГц және 10 кГц параметрін таңдауға болады және әрқайсысын -6 және +6 арасындағы параметрге реттеуге болады.

Soundbar жүйесі сандық теледидарға қосылған кезде бейне дыбыспен синхронды ойнатылмаса, оларды синхрондау үшін SOUND CONTROL түймелерін басыңыз. Дыбыс кідірісін 0 мс және 300 мс арасында орнату үшін, [,] түймелерін қолданыңыз. USB режимінде, TV режимінде және BT режимінде, Audio Sync (дыбысты синхрондау) функциясы жұмыс істемеуі мүмкін.

Anynet+

Anynet+ функциясын қосу немесе өшіру үшін Anynet+ түймесін басыңыз. (Әдепкі : Auto Power Link OFF, ON - ANYNET+ / OFF - POWER LINK немесе OFF - ANYNET+ / ON - POWER LINK). Anynet+ функциясы Soundbar жүйесін Anynet+ функциясымен үйлесімді Samsung теледидарынан қашықтан басқару құралы арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Soundbar жүйесі теледидарға HDMI кабелі арқылы жалғануы керек.

*Auto Power Link

Soundbar құралын Optical ұясы арқылы оптикалық байланыспен қадамдастырады, сонда ол теледидарды қосқанда автоматты түрде қосылатын болады. (19-бетті қараңыз)

Сондай-ақ, Wi-Fi SETUP функциясын қашықтан басқару құралындағы Anynet+ түймесін 7 секунд бойы басып тұру арқылы белсендіре аласыз.

Soundbar — Samsung компаниясы өнімінің фирмалық атауы. ●Теледидарды өзінің қашықтан басқару құралымен басқарыңыз.

KAZ

9

Page 42
Image 42
Samsung HW-J8501/RU manual Қашықтан Басқару Құралы, Дыбысын Өшіру, Қайталау, Алға қарай өту