ПАЙДАЛАНУҒА ДАЙЫНДЫҚ
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
| 68.6mmмм |
99.1ммmm |
|
99.1ммmm | 99.1mmмм |
Үйіңіздегі айнымалы ток көзі өнімнің артында орналасқан идентификациялық жапсырмада көрсетілгенге сай екеніне көз жеткізіңіз. Өнімді ыңғайлы жерге (жиһаздың үстіне), айналасында желдетуге жеткілікті бос орын
Найзағайлы дауыл болғанда айнымалы ток штепсельдік ұшын розеткадан суырыңыз. Найзағайдан кернеудің барынша күрт жоғарылауы құрылғыны зақымдауы мүмкін.
Өнімді ылғалдан (мысалы, құмыралардан), шамадан тыс жылудан (мысалы, камин) және күшті магниттік немесе электр өрістерін тудыратын жабдықтардан қорғаңыз. Өнім жұмысында ақаулық пайда болса, қуат кабелін айнымалы ток көзінен ажыратыңыз. Өнім өндірістік мақсатта пайдалануға арналмаған. Бұл өнім тек жеке пайдалануға арналған. Өнім суық жерде сақталған болса, конденсация орын алуы мүмкін. Егер құрылғы қыста тасымалданған болса, пайдалану алдында ол бөлме температурасына жеткенше шамамен 2 сағат күтіңіз.
Құрылғыға күн сәулесін немесе басқа жылу көздерін түсірмеңіз.
Бұл құрылғының шамадан тыс қызуына және дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
Осы өнімнің батареяларында қоршаған ортаға зиянды химиялық заттар бар.
Батареяларды үй қоқысымен бірге тастамаңыз. Батареяларды отқа тастамаңыз. Батареяларды қысқа тұйықтауға, бөлшектеуге немесе қатты қыздыруға болмайды.
Батареяны дұрыс салмаған кезде жарылыс шығу қаупі бар. Батареяның орнына, дəл осындай батареяны салыңыз.
ЕСКЕРТУ, БАТАРЕЯНЫ ЖҰТПАҢЫЗ, ХИМИЯЛЫҚ КҮЙДІРУ ҚАУПІ БАР,
[Қашықтан басқару құралымен берілген] Бұл өнімде тиын/түйме түріндегі батарея бар. Тиын/түйме түріндегі батарея жұтылса, 2 сағаттан соң ішкі органдар ауыр жағдайда күйіп, өлімге әкелуі мүмкін. Жаңа және пайдаланылған батареяларды балалардан алыс ұстаңыз.
Батарея бөлімі қауіпсіз жабылмаса, өнімді пайдалануды тоқтатып, оны балалардан алыс сақтаңыз. Батареялардың жұтылуына немесе дененің белгілі бір мүшесіне түсуіне күдіктенсеңіз, тез арада медициналық көмек алыңыз.
4