ФУНКЦИЯЛАР

Жаңартудан кейін барлық параметрлер өздерінің əдепкі зауыттық параметрлеріне қалпына келтіріледі. Жаңартудан кейін оңай қалпына келтіру үшін, параметрлерді жазып алуды ұсынамыз. Ішкі бағдарламалық құралдар жаңартылғанда, сабвуфер байланысы да бастапқы қалпына келетінін ескеріңіз. Сабвуферге қосылым жаңартудан кейін автоматты түрде қайта орнатылмаса, 16-бетті қараңыз. Ішкі бағдарламалық құралдар жаңартылмаса, USB құрылғысын FAT16 етіп пішімдеп,

әрекетті қайталау ұсынылады.

NTFS пішіміндегі USB дискін пішімдемеңіз. Soundbar жүйесі NTFS файл жүйесіне қолдау көрсетпейді.

Өндірушіге қарай, USB құрылғысына қолдау көрсетілмеуі мүмкін.

АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ЖАҢАРТУ

Soundbar құрылғысы өшірулі болса да, Soundbar құрылғысы ең соңғы бағдарламалық құрал нұсқасын іздейді және ол Интернетке қосулы болса, жаңартуды жалғастырады.

Soundbar құрылғысы әдепкі бойынша автоматты түрде жаңартуға конфигурацияланған.

Автоматты түрде жаңарту функциясын пайдалану үшін Soundbar құрылғысы Интернетке қосулы болуы қажет.

Егер Soundbar құрылғысының қуаты ажыратылса немесе қуат өшіп қалса, Wi-Fi қосылымы тоқтатылады. Soundbar құрылғысын қосып, қайта байланыстырыңыз.

30

Page 63
Image 63
Samsung HW-J8501/RU manual Автоматты Түрде Жаңарту