ФУНКЦИЯЛАР

ЖЕЛІ КҮТУ РЕЖИМІН ҚОСУ ФУНКЦИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ

Егер сымсыз қосылым смарт құрылғы мен Soundbar құрылғысы арасында дұрыс орнатылса, Желі күту режимін қосу функциясы қолжетімді болады. Смарт құрылғы Soundbar құрылғысына Bluetooth немесе Wi-Fi қосылымы арқылы қосылу әрекетін орындағанда бұл функция Soundbar құрылғысын автоматты түрде қосады. Егер Soundbar құрылғысы Bluetooth қосылымы арқылы қосылған болса, оның кіріс режимі BT параметріне автоматты түрде орнатылады. Бағдарламаны пайдалану арқылы ғана Soundbar құрылғысын Wi-Fi қосылымы арқылы қосуға болады. Қосымша ақпарат алу үшін веб-нұсқаулықты қараңыз.

1.Смарт құрылғыны Soundbar құрылғысына қосыңыз.

2.Soundbar құрылғысының қашықтан басқару құралындағы ] түймесін 5 секундтан артық басу арқылы Желі күту режимін қосу функциясын қосыңыз. ] түймесін қайта 5 секундтан артық басу арқылы функцияны өшіруге болады.

Егер Soundbar құрылғысы смарт құрылғының жұптасқан құрылғылар тізіміне кірсе ғана қол жетімді. (Смарт құрылғы және Soundbar құрылғысы бұған дейін кемінде бір рет жұптасқан болуы қажет.)

Soundbar құрылғысы [BT READY] немесе [WiFi READY] хабарын көрсетіп тұрғанда ғана Soundbar құрылғысы смарт құрылғының табылған құрылғылары тізімінде көрсетіледі.

Теледидардың SoundConnect режимінде Soundbar құрылғысын басқа смарт құрылғысына жұптау мүмкін емес.

Егер Желі күту режимін қосу функциясын жұмыс істемесе -- Желі күту режимін қосу функциясы Өшірулі күйіне орнатылған.

Егер Soundbar құрылғысының қуаты ажыратылса немесе қуат өшіп қалса, Wi-Fi қосылымы тоқтатылады. Soundbar құрылғысын қосып, қайта байланыстырыңыз.

MULTIROOM LINK ҚОЛДАНБАСЫН ПАЙДАЛАНУ

Soundbar құрылғысы смарт құрылғыға Multiroom қолданбасы арқылы қосылғаннан кейін бірнеше Samsung Multiroom құрылғыларын бірге сымсыз қосуға болады.

БАСТАМАС БҰРЫН

++Байланыс негіздері

KAZ

Смарт құрылғы: Android немесе iOS (қолданбаны басқару)

Интернет

Сымсыз маршрутизатор

1.Талаптар: Сымсыз маршрутизатор, смарт құрылғы

2.Сымсыз маршрутизатор Интернетке қосулы болуы қажет.

3.Смарт құрылғы маршрутизаторға Wi-Fi қосылымы арқылы қосулы болуы қажет.

27

Page 60
Image 60
Samsung HW-J8501/RU Желі Күту Режимін Қосу Функциясын Пайдалану, Multiroom Link Қолданбасын Пайдалану, Бастамас Бұрын