Samsung HW-N650/RU Егер құрылғыны қосу сәтсіз аяқталса, Soundbar құрылғысын теледидардан ажырату

Models: HW-N650/RU

1 117
Download 117 pages 42 Kb
Page 95
Image 95

Егер құрылғыны қосу сәтсіз аяқталса

••Алдында қосылған Soundbar тізімінде (мыс. “[AV] Samsung Soundbar Nxxx N-Series”) атауы пайда болса, оны жойыңыз.

••Содан кейін 1 және 3 аралығындағы қадамдарды қайталаңыз.

ЕСКЕРТПЕ

••Soundbar құрылғысы теледидарға алғашқыда қосылған соң, қайта қосылу үшін “BT READY” режимін пайдаланыңыз.

Soundbar құрылғысын теледидардан ажырату

Оң бүйірлік панельдегі немесе қашықтан басқару пультіндегі (Бастапқы көз) түймесін басыңыз, одан кейін “BT” режимінен басқа кез келген режимге ауыстырыңыз.

••Ажырау процесі біраз уақыт алады, себебі теледидар Soundbar құрылғысынан жауап алуы керек. (Қажетті уақыт теледидар үлгісіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін.)

••Soundbar құрылғысы мен теледидар арасындағы автоматты Bluetooth байланысынан бас тарту үшін, Soundbar құрылғысы “BT READY” күйінде тұрғанда, қашықтан басқару пультіндегі p(Ойнату/уақытша тоқтату) түймесін 5 секунд басып тұрыңыз. (Қосу → Өшіру)

BT READY және BT PAIRING режимдерінің айырмашылығы қандай?

••BT READY : Бұл режимде алдында жалғанған теледидарларды іздеуге немесе алдында жалғанған ұялы құрылғыларды Soundbar құрылғысына қосуға болады.

••BT PAIRING : Бұл режимде жаңа құрылғыны Soundbar құрылғысына жалғауыңызға болады.

(Soundbar құрылысы “BT” режимінде тұрғанда қашықтан басқару пультіндегі PAIR түймесін немесе Soundbar құрылғысының оң жағындағы (Бастапқы көз) түймесін 5 секунд басып тұрыңыз.)

ЕСКЕРТПЕЛЕР

••Bluetooth құрылғысын қосып жатқанда PIN код сұраса, <0000> мәнін енгізіңіз.

••Bluetooth байланысы режимінде, егер Soundbar мен Bluetooth құрылғысы арасындағы қашықтық 10 м асса, Bluetooth байланысы жоғалады.

••Дайын күйде болғанда 5 минут өтсе, Soundbar автоматты түрде өшеді.

••Мына жағдайларда Soundbar құрылғысы Bluetooth құрылғысын іздемеуі мүмкін немесе оған дұрыс қосылмауы мүмкін:

–– Soundbar құрылғысының айналасында күшті электр өрісі болса.

–– Бірнеше Bluetooth құрылғысы Soundbar құрылғысына бір уақытта жұптастырылса.

–– Егер Bluetooth құрылғысы өшірулі болса, өз орнында болмаса және дұрыс жұмыс істемесе.

••Электрондық құрылғылар радиокедергілердің пайда болуына себеп болуы мүмкін. Микротолқынды пеш, сымсыз LAN құрылғылары және басқа да электромагниттік толқын шығаратын құрылғыларды Soundbar негізгі құрылғысынан алшақ ұстаңыз.

KAZ - 13

Page 95
Image 95
Samsung HW-N650/RU manual Егер құрылғыны қосу сәтсіз аяқталса, Soundbar құрылғысын теледидардан ажырату