Жаңарту процедурасы

1.Микро USB түрін ұштықты USB 2.0 Микро USB ашасы бар (В түрі) USB адаптер кабелінің ұшына, ал стандартты ұяшықты

2.0 USB жалғағышын (А түрі) Soundbar

құрылғысындағы микро USB жалғағышына қосыңыз.

•• Микро USB - USB адаптер кабелі бөлек сатылады. Сатып алу үшін Samsung қызмет көрсету орталығына немесе Samsung тұтынушыларға қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз.

2.Өнімнің бағдарламалық жасақтамасын жүктеп алу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз.

Samsung компаниясының (samsung.com)

веб-сайтына кіріңіз → үлгі атауын іздеңіз - тұтынушыға қолдау көрсету опциясын таңдаңыз (опция атауы өзгертілуі мүмкін)

3.Жүктеп алынған бағдарламалық жасақтаманы сақтау құрылғысына сақтап, қалтаны мұрағаттан шығару үшін “Осында шығару” опциясын таңдаңыз.

4.Soundbar құрылғысын өшіріп, бағдарламалық жасақтаманың жаңа нұсқасы бар сақтау құрылғысын Микро USB адаптер кабеліндегі ұяшыққа жалғаңыз. Кабельді Soundbar құрылғысындағы USB портына жалғаңыз.

5.Soundbar құрылғысын қосыңыз. 3 минут ішінде, “UPDATE” көрсетіліп, жаңарту процесі басталады.

6.Жаңарту процесі аяқталған соң, Soundbar құрылғысы өшеді. Қашықтан басқару пультіндегі pтүймесін 5 секунд ішінде басып тұрыңыз. “INIT” дисплейде көрсетіліп, Soundbar құрылғысы өшеді. Жаңарту процесі аяқталады.

•• Бұл өнімде DUAL BOOT функциясы бар. Кіріктірілген ішкі бағдарламаны жаңарту жүзеге аспаса, оны қайта жаңартуға болады.

UPDATE көрсетілмесе

1.Soundbar құрылғысын өшіріп, жаңарту файлдары бар сақтау құрылғысын Soundbar құрылғысының USB портынан ажыратып, оған қайта жалғаңыз.

2.Soundbar қуат сымын ажыратып, оны қайта қосыңыз да, Soundbar құрылғысын қосыңыз.

••Soundbar қолдау көрсететін аудио файлдар сақтау құрылғысында сақталған болса, жаңартылған кіріктірілген ішкі бағдарлама дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

••Жаңа нұсқалар қолданылып жатқанда, қуат көзін ажыратуға немесе USB құрылғысын алуға болмайды. Кіріктірілген ішкі бағдарламаны жаңарту процесі аяқталған соң, негізгі құрылғы автоматты түрде өшеді.

••Жаңарту процесі аяқталған соң, Soundbar құрылғысында пайдаланушы параметрлері бапталады. Жаңарту процесінен кейін параметрлерді оңай қалпына келтіру үшін, оларды жазып алғаныңыз жөн. Жаңартылған кіріктірілген ішкі бағдарлама сабвуфер байланысын да қалпына келтіретінін ескеріңіз.

Сабвуфермен байланыс жаңарту процесінен кейін автоматты түрде орнатылмаса, 6-бетті қараңыз.

Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту жүзеге аспаса, сақтау құрылғысында ақаулық бар-жоғын тексеріңіз.

••Mac OS пайдаланушылары USB пішімі ретінде MS-DOS (FAT) пішімін пайдалануы тиіс.

••Сақтау құрылғысының өндірушісіне байланысты USB арқылы жаңарту қолжетімді болмауы мүмкін.

KAZ - 30