11АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ

Қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын, мыналарды тексеріңіз.

Құрылғы қосылмай тұр.

Қуат сымы розеткаға қосылған ба?

;; Қуат сымын розеткаға қосыңыз.

Түйме басылғанда, функция жұмыс істемейді.

Ауада статикалық электр бар ма?

;; Қуат ашасын алып, қайта қосыңыз.

BT режимінде дыбыс жоғалып кетеді.

;; 12 және 18-беттегі Bluetooth байланысы бөлімдерін қараңыз.

Дыбыс шықпайды.

Дыбысты өшіру функциясы қосулы ма?

;; Функцияны өшіру үшін, VOL түймесін басыңыз.

Дыбыс деңгейі минималы мәнде тұр ма?

;; Дыбыс деңгейін реттеңіз.

Қашықтан басқару пульті жұмыс істемейді.

Батареялардан сұйықтық бөліне ме?

;; Жаңа батарея салыңыз.

Қашықтан басқару пульті мен Soundbar негізгі құрылғысының арасындағы қашықтық тым алыс па?

;; Қашықтан басқару пультін Soundbar негізгі құрылғысына жақындатыңыз.

Сабвуфердегі қызыл жарық диоды жыпылықтайды, сабвуфер дыбыс шығармайды.

Бұндай ақаулық сабвуфер Soundbarнегізгі құрылғысына жалғанбаған уақытта орын алады.

;; Сабвуферді қайта жалғап көріңіз. (6-бетті қараңыз)

Сабвуфер қыжылдап, дірілдейді.

Сабвуфердің дірілін реттеп көріңіз.

;; Сабвуфердің дыбыс деңгейін реттеу үшін қашықтан басқару пультіндегі WOOFER түймесін жоғары немесе төмен басыңыз. (-12 немесе -6 және +6 аралығы)

KAZ - 31

Page 113
Image 113
Samsung HW-N650/RU manual 11 Ақаулықтарды ЖОЮ