Ашаны дымқыл қолмен ұстамаңыз.

-Электр қатеріне ұшырауыңыз мүмкін.

Іске қосылып тұрған құрылғыны ашасынан тартып электр желісінен ағытуға болмайды.

-Ашаны қайта розеткаға сұққан кезде жарқыл пайда болып, электр қатері немесе өрт шығуы мүмкін.

Орам материалдарының барлығын баланың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз, себебі орам материалдары балалар үшін қауіпті.

-Бала қалтаны басына киіп алса, тұншығып қалуы мүмкін.

Бұл құрылғы кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем,

құрылғыны қолдану тәжрибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар (балаларды қоса алғанда) қолдануға арналмаған. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.

-Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы, адам күйіп немесе жарақаттанып қалуы мүмкін.

Құрылғыны ешқашан тағам пісіруден басқа мақсатта қолданбаңыз.

-Бұл нұсқау орындалмаса, өрт шығуы мүмкін.

Тұмшаланып жабылған сауыттарды (баланың шөлмегі, сүт бөтелкесі т.с.с.) ашыңыз және қабығы немесе қауашағы бар (жұмыртқа, жаңғақ т.с.с.) тағамдарды пісірердің алдында пышақпен тесіңіз.

-Бұл нұсқау орындалмаса, бұндай тағамдар жарылып, күю немесе жарақат алуға алып келеді.

Тағам пісіріп болғаннан кейін, құрылғының ішіне дереу қол тигізуге болмайды, себебі ұзақ уақыт қызып тұрған немесе аз уақыт тағам қыздырылған құрылғының іші ыстық болады.

-Бұл нұсқау орындалмаса, күйіп қалуыңыз мүмкін.

Алюминий фольга, металл заттарды (сауыт, шанышқы т.с.с.) немесе алтын не күміс жалатылған сауыттарды қолданбаңыз.

-Электр жарқылы немесе өрт шығуы мүмкін.

Тағамды қатты қыздырмаңыз.

-Өрт шығуы мүмкін.

Тағамдарды журнал немесе газет парақтарына орап қыздырмаңыз.

-Өрт шығуы мүмкін.

Тұтанғыш бүріккіштерді немесе заттарды пештің қасына қоймаңыз.

-Өрт шығу немесе жарылыс орын алу қаупі бар.

Пісіру камерасындағы тағам жанып жатса, пештің есігін ашпаңыз.

-Есікті ашсаңыз, сырттан келген оттегі ағысы өрт шығаруы мүмкін.

Саусақтарыңызды, басқа заттарды немесе білікше не ине тәрізді темір заттарды, ішкі, сыртқы тесіктерге және саңылауларға сұқпаңыз. Бұл аталған саңылау, тесіктердің қайбіріне бөгде зат сұғылса, ашаны розеткадан суырыңыз да, осы құрылғыны сатушыға немесе жақындағы қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

-Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе жарақаттанып қалуы мүмкін.

Сауыттарды ЕШҚАШАН шегіне дейін толтырмаңыз, сұйық тасып төгілмес үшін аузы түбінен қарағанда кең сауытты таңдаңыз. Мойыны тар шөлмектер де, қатты қызса жарылып кетуі мүмкін.

Баланың шөлмегін ЕШҚАШАН еміздігін алмай қыздырмаңыз, себебі қатты қызған шөлмек жарылып кетуі мүмкін.

Пештің қыздырғыш элементтеріне немесе ішкі қабырғасына ешқашан пеш суығанша ҚОЛ ТИГІЗБЕҢІЗ.

Қорек сымы немесе ашасын суға батырмаңыз, қорек сымын заттың қызып тұрған беттерінен алыс ұстаңыз.

Қорек сымы немесе ашасы бүлінген құрылғыны ешқашан іске қоспаңыз.

Бос тұрған микротолқынды пешті ешқашан іске қоспаңыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін электр қуаты автоматты түрде тоқтатылады. Шамамен 30 минуттай қоя тұрғаннан кейін іске қоса беруіңізге болады. Пештің ішінде әрқашан бір стакан су тұрғаны дұрыс. Пеш байқаусызда қосылып кетсе, су микротолқын қуатын сіңіреді.

КАЗАҚ

7

MW73BR_BWT-03781C-03_KZ.indd 7

2011-01-20 4:31:28