КАЗАҚ

Қорек сымын тартпаңыз, не қатты майыстырмаңыз. Қорек сымын иіп немесе шиеленістірмеңіз.

Қорек сымын металл заттарға ілмектеп байламаңыз, ауыр затты қорек сымының үстіне қоймаңыз, қорек сымын заттардың арасына қыстырмаңыз немесе қорек сымын құрылғының артына тықпаңыз.

-Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Ашаны розеткадан қорек сымынан тартып суырмаңыз.

-Ашаны розеткадан ашаның өзінен ұстап суырыңыз.

-Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Құрылғы немесе қорек сымы бүлінген жағдайда, жақындағы қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған ескерту

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ белгілері

Құрылғы ұзақ уақыт қолданыста болмаса немесе найзағай жарқылдап, күн күркіреген кезде құрылғының ашасын розеткадан суырыңыз.

-Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт

шығуы мүмкін.

ЕСКЕРТУ Құрылғыны іске қосуға қатысты қатаң ескерту белгілері

Газ шығып кеткен кезде (мысалы, пропан, сұйылтылған газ т.с.с.) құрылғы ашасына қол тигізбей, бөлмені дереу желдетіңіз. Құрылғыға немесе оның қорек сымына қол тигізбеңіз.

-Желдеткішті қолданбаңыз.

-Жарқыл шығып, жарылыс немесе өртке ұласуы мүмкін.

Тағам пісіріп тұрғанда немесе пісіріп болғаннан кейін, құрылғының есігі, немесе кез келген басқа бөлшегі денеге тиіп кетпес үшін абай болыңыз.

-Бұл нұсқау орындалмаса, күйіп қалуыңыз мүмкін.

Байқаусызда күйіп қалмас үшін, тағамды пештен алар кезде ӘРҚАШАН пешке арналған қолғапты қолданыңыз.

Пештің есігін ашқан кезде, одан кем дегенде шынтақтың ұзындығындай қашықтықта тұрыңыз.

Себебі : Пештен шыққан ыстық бу шарпып кетуі мүмкін.

6

Микротолқынды пеште сусындарды қыздырған кезде кенет тасып кетуі мүмкін, сондықтан да, сауытты абайлап ұстау керек; Бұндай жағдайдың алдын алу үшін, ӘРҚАШАН пешті сөндіргеннен кейін, қыздырылған тағамды температура теңгерімі орын алғанша кем дегенде 20 минут пештің ішіне қоя тұрыңыз. Қажет болса, қыздырып жатқанда және қыздырып болғаннан кейін де ӘРҚАШАН араластырыңыз. Бу шалып кетсе, төмендегі әрекеттерді орындап, АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ көрсетіңіз:

-Бу шалып кеткен жерді кем дегенде 10 минут суық суға малыңыз.

-Таза, құрғақ бинтпен жабыңыз.

-Ешбір крем, май немесе лосьон жақпаңыз.

-Дәрігерге хабарласыңыз

Қорек сымы бүлініп қалса, қатерлі жағдай орын алмас үшін оны өндіруші немесе өндірушінің уәкілетті агенті немесе білікті адам ауыстыруға тиіс.

Балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек.

Жұмыртқаны микротолқынды пеште қабығын аршымай, бітеулей пісіруге болмайды, себебі олар микротолқынмен қыздырып болғаннан кейін жарылып кетуі мүмкін.

ЕСКЕРТУ : Баланы тамақтандыратын шөлмектің және балалар тағамы салынған қалбырлардың ішіндегісін берер алдында араластыру немесе шайқау керек және күйіп қалмас үшін температурасын тексеру керек.

ЕСКЕРТУ : Балаларға микротолқынды пешті дұрыс қолданбағанда қатерлі жағдайлардың орын алатындығын түсіндіріп, оларға тиісті нұсқаулар бергеннен кейін ғана микротолқынды пешті ешкімнің қадағалауынсыз пайдалануға рұқсат етіңіз.

Бұл құрылғыны кембағал, сезім не ойлау жүйесіне зақым келген немесе құрылғыны іске қосу тәжірибесі жоқ адамдар, басқа адамның нұсқауы немесе қадағалауынсыз қолдануға тиіс емес.

ЕСКЕРТУ : Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда қол жететін бөлшектері қызып тұруы мүмкін. Жас балалар күйіп қалмас үшін оларды құрылғыдан алыс ұстаңыз.

ЕСКЕРТУ : Электр қатеріне түсіп қалмас үшін, құрылғы шамын ауыстырар кезде оны электр желісінен ағытып алыңыз.

MW73BR_BWT-03781C-03_KZ.indd 6

2011-01-20 4:31:27