КАЗАҚ

ЕСКЕРТУ Тазалауға қатысты қатаң ескерту белгілері

Құрылғыға тура су шашып тазалауға болмайды.

Құрылғыны бензол, сұйылтқыш немесе алкогольмен тазаламаңыз.

-Себебі, құрылғының түсі кетіп, деформацияланып, бүлініп немесе электр қатері орын алуы, өрт шығуы мүмкін.

Тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын жүзеге асырардың алдында, құрылғыны электр желісінен ағытып, есік пен тағам пісірілетін камерадағы тағам қалдықтарын тазалаңыз.

-Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Түрпілі тазалағыш заттар немесе өткір металл қырғыштарды пеш есігінің шынысын тазалау үшін пайдаланбаңыз, себебі бұндай заттар шыны бетіне сызат түсіріп оның шытынап кетуіне алып келеді.

Микротолқынды пешті қағаз немесе киім кептіру үшін қолданбаңыз.

Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін, жоғары қысымдағы су бүріккіш немесе бумен тазалайтын құралдарды қолданбаңыз.

Тазалаған кезде құрылғының беті бұрыңғысынан да қатты ысып кетуі мүмкін, балаларды алыс ұстау керек. (тазалау үлгісі ғана)

Жиналып қалған қоқысты құрылғыны тазалмай тұрып арылтып, пешті тазалап жатқанда пеш ішінде қалдыра беруге болатын ыдыстарды анықтаңыз. (тазалау үлгісі ғана)

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ Тазалауға қатысты ескерту белгілері

Пешті мезгіл-мезгіл тазалап, тағамның қалдықтарын алып отыру керек.

Пешті таза ұстамасаңыз, оның бетінің сапасы кетіп, уақытынан бұрын істен шығып, қатерлі жағдайлар орын алуы мүмкін.

Құрылғыны (сыртын/ішін) тазалау барысында өзіңізге зақым келтіріп алмаңыз.

-Құрылғының өткір қырларына соғылып қалуыңыз мүмкін. Құрылғыны бумен тазалайтын құралмен тазаламаңыз.

-Тот басуы мүмкін.

МИКРОТОЛҚЫН ҚУАТЫНЫҢ ҚАТЕРІНЕ ҰШЫРАМАС ҮШІН ОРЫНДАЛУҒА ТИІС САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Төмендегі сақтық шаралары орындалмаса, микротолқын қуатының қатеріне ұшырауыңыз мүмкін.

(a)Ешқашан есігі ашық тұрған пешті іске қосам деп әрекет жасауға немесе қауіпсіздік тетігін (есіктің бекітпесі) бұзуға немесе қауіпсіздік тетігінің саңылауларына бөгде зат сұғуға болмайды.

(b)Пештің есігі мен алдыңғы жағының арасына ештеңе қыстырмаңыз немесе тығыздағыштарға тағам немесе тазалағыш заттың қалдықтары жиналуына жол бермеңіз. Есік пен есік тығыздағышының беттерін, пеш жұмыс жасап болғаннан кейін дымқыл шүберекпен сүртіп, содан кейін жұмсақ, құрғақ шүберекпен тазалаңыз.

(c)Пеш бұзылып қалса, оны өндіруші тарапынан микротолқынды пешті жөндеу бойынша дайындықтан өткізілген техник жөндемейінше іске қоспаңыз. Пеш есігінің дұрыс жабылуы мен төмендегілерге еш нұқсан келмеудің ерекше маңызы бар:

(1)Есік (майысқан)

(2)Есіктің топсалары (сынық немесе босап қалған)

(3)есіктің тығыздағышы және тығыздағыш беттер

(d)Бұл пешті өндіруші тарапынан микротолқынды пешті жөндеу бойынша дайындықтан тиісті түрде өткізілген техниктен басқа адам жөндеуге тиіс емес.

Бұл 2-ші топтағы, B санатына жататын ISM құрылғы. 2-ші топқа радио-жиіліктегі қуатты электромагнитті сәуле ретінде, материалдарды өңдеу үшін арнайы шығаратын ISM құрылғыларының барлығы, сондай-ақ EDM және доғамен дәнекерлейтін құрылғылар да жатады. B санатына тұрмыста қолдануға арналған немесе төмен кернеулі желіге тіке жалғанған тұрғын үй комплекстерінде қолданылатын құрылғылар жатады.

10

MW73BR_BWT-03781C-03_KZ.indd 10

2011-01-20 4:31:28