Тағам пісіріп жатқанда немесе пісіріп болғаннан кейін, тағамды немесе пештің ешбір бөлшегін ұстамаңыз.

-Ас үй қолғабын қолданыңыз, себебі қатты ыстық болса қолыңыз күйіп қалуы мүмкін.

-Егер керамика ыдыс немесе көп мақсатта пайдаланылатын кәстрөлді итерсеңіз, ішіндегісі төгіліп, күйіп қалуыңыз мүмкін.

Беті шытынап кетсе, қуат тетігін бұрап құрылғыны сөндіріңіз.

-Бұл нұсқау орындалмаса, электр қатеріне ұрынып қалуыңыз мүмкін.

Пеш есігінің шынысына өткір затпен сызат түсірмеңіз.

-Бұл шыныға сызат түсіруі немесе сындыруы мүмкін.

Құрылғының үстіне шықпаңыз немесе оның үстіне зат (мысалы, кір, пештің қақпағы, жанып тұрған шамшырақ, тұтатылған темекі, ыдыс-

аяқ, химиялық заттар, металл заттар т.с.с.) қоймаңыз.

-Киім тәрізді заттар есікке қыстырылып қалуы мүмкін.

-Бұның нәтижесінде электр қатері орын алып, өрт шығуы,

құрылғыға нұқсан келуі немесе адам жарақаттануы мүмкін.

Құрылғыны дымқыл қолмен іске қоспаңыз.

-Электр қатеріне ұшырауыңыз мүмкін.

Құрт-құмырысқаларды құртуға арналған бүріккіштерді пешке шашпаңыз.

-Бұндай заттар адам үшін ғана қауіпті емес, электр қатерін тудыруы, өрт шығаруы, құрылғыға нұқсан келтіруі мүмкін.

Құрылғының есігіне немесе ішіне қатты күш немесе қысым түсірмеңіз.

-Құрылғы деформацияланып қалуы немесе адам электр қуатының қатерлі әсеріне ұшырауы мүмкін.

-Құрылғы есігіне асылып тұрсаңыз, құрылғы орнынан құлап, жарақаттанып қалуыңыз мүмкін.

-Есік бұзылып қалса, құрылғыны іске қоспай, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Құрылғыны раковина немесе шыныдан жасалған осал заттардың үстіне қоймаңыз.

-Раковинаға немесе шыны затқа зақым келуі мүмкін. Құрылғыны тек есігін жапқаннан кейін ғана іске қосыңыз.

-Егер тағамның қалдықтары тәрізді қоқыс жиналып ластанған құрылғыны іске қоссаңыз, құрылғыға ақау келуі мүмкін.

Құрылғыдан жаңа ғана алынған тағамның орамын жазар кезде абай болыңыз.

-Тағам ыстық болса, оның орамын ашар кезде кенет ыстық бу шығып, күйіп қалуыңыз мүмкін.

Құрылғыны қорек сымынан тартып ағытпаңыз, әрқашан ашасынан мықтап ұстап, розеткадан тура шығарып алыңыз.

-Қорек сымына зақым келсе, қысқа тұйықталу, өрт және/не электр қатері орын алуы мүмкін.

Тағам пісіріп жатқанда немесе пісіруді аяқтай сала, бетіңізді, денеңізді құрылғыға жақындатпаңыз.

-Балалар құрылғыға жақындамас үшін байқап отырыңыз.

-Бұл нұсқау орындалмаса, қызуға күйіп қалуыңыз мүмкін.

Есікті ашқаннан кейін тағам немесе ауыр заттарды есіктің үстіне қоймаңыз.

-Тағам немесе қойылған зат құлап, күйіп немесе жарақат алуыңыз мүмкін.

Тағам пісіріп жатқанда немесе пісіріп болғаннан кейін, пештің есігін, тағамды, ыдысты су төгу арқылы кенет суытуға болмайды.

-Бұлай істегенде құрылғы бүлініп қалуы мүмкін. Бу немесе шашыраған суға күйіп немесе жарақаттанып қалуыңыз мүмкін.

Бұл құрылғылар жеке тұрған таймер немесе қашықтан басқару құралының көмегімен басқарылмайды.

КАЗАҚ

9

MW73BR_BWT-03781C-03_KZ.indd 9

2011-01-20 4:31:28