ақпарат туралы Қауіпсіздік
Қауіпсіздік туралы ақпарат
•Ішіндегі артық ылғалды сүртіңіз де, есіктерін ашық қалдырыңыз.
•Тоңазытқыш электр желісінен ағытылып қалса, қайта қосар алдында кемінде бес минут күтіңіз.
•Ұзақ демалысқа кетуді жоспарласаңыз немесе тоңазытқышты ұзақ уақыт (3 апта не бұдан көп) пайдаланбайтын болсаңыз, тоңазытқышты соның ішінде, мұз себетін босатып, ашасын ток көзінен ағытып, судың кранын жауып, ішкі қабырғалардың беттеріндегі ылғалды сүртіп, иіс және зең пайда болмас үшін есіктерді ашық қалдырыңыз.
•Тоңазытқыш су болып қалса, ашасын розеткадан суырып, Samsung Electronics қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
•Шыны беттің ешқайсысын соқпаңыз немесе оған шамадан тыс көп күш салмаңыз.
•Су сауыты мен мұз текшесінің науаларын ауыз суымен ғана толтырыңыз (кран суы, минералды су немесе тазартылған су).
•Құрылғыны су басып кетсе, дереу электр желісінен ағытыңыз да, жақындағы қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
•Бұл құрылғыда тұтанғыш зат толтырылған аэрозоль сауыты тәрізді жарылғыш заттарды сақтамаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
•Тоңазытқыштың ішкі немесе сыртқы бетіне су шашпаңыз.
•Тоңазытқыштың ішіндегі жағымсыз иісті кетіру үшін жанып тұрған шам қоймаңыз.
•Тазалағыш құралдарды бейнебетке тура шашпаңыз.
•Құрылғыға су тәрізді бөгде зат кіріп кетсе, ашасын розеткадан суырып, ең жақын қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
•Қуат ашасының істікшелеріндегі бөгде затты немесе шаңды тазалау үшін таза, құрғақ шүберекті пайдаланыңыз. Ашаны тазалаған кезде су немесе дымқыл шүберекті қолданбаңыз.
12 Казақ
|
| ||
|
| ||
|
|
|
|