техникалық сипаттамасы, осы нұсқаулықта көрсетілген құрылғылардан сәл өзгеше болуы мүмкін. Салқындатқыш ретінде R-600a немесе R-134a пайдаланылған. Тоңазытқышыңызда қандай тоңазытқыш сұйық қолданылғанын, құрылғының артындағы компрессордың жапсырмасынан немесе құрылғының ішіндегі техникалық ақпарат тақтайшасынан қараңыз. Егер құрылғыда тұтанғыш газ (R-600a сұйығы) қолданылса, құрылғыны дұрыс тастау үшін жергілікті мекемеге хабарласыңыз.

Құрылғыны уәкілетті қызмет көрсету технигінен басқа адам жөндесе қауіпті болып табылады. Квинсландта – уәкілетті қызмет көрсету маманы, қақпақты алып жөндеу немесе қызмет көрсету жұмыстарын жасау үшін, Газбен жұмыс істеу рұқсатына немесе көміртегілі салқындатқыштарға арналған лицензияға ие болуға ТИІС. (Австралияда ғана)

Салқындатқыш сұйық аққан жағдайда газ бен ауа аралас тұтанғыш қоспа пайда болмас

үшін, құрылғы тұратын бөлменің кеңдігі, салқындатқыш сұйықтың мөлшеріне байланысты анықталады.

Қандай да бір жері бүлінген құрылғыны ешқашан іске қоспаңыз. Егер күмәндансаңыз, дилерге хабарласып кеңес алыңыз. Бөлменің ауданы R-600a тоңазытқыш сұйығының әр 8 г-на 1 м³ болуға тиіс. Құрылғыңыздағы тоңазытқыш сұйықтың мөлшері, құрылғының ішіндегі техникалық параметр тақтайшасында көрсетілген.

Тоңазытқыш сұйық түтіктерден атқыласа, тұтануы немесе көзге зақым келтіруі мүмкін. Тоңазытқыш сұйық түтіктен аққан кезде құрылғының қасында ашық оттың болмауын қамтамасыз етіп, тұтанғыш заттарды алыс қойыңыз да, бөлмені дереу желдетіңіз.

-- Бұлай істемесеңіз, өрт немесе жарылыс шығуы мүмкін.

Қауіпсіздікке қатысты маңызды белгілер және сақтық шаралары:

Ауыр жарақат немесе өлімге әкелетін қатерлі ЕСКЕРТУ жағдайлар немесе қауіптіәрекеттер.

Қазақша - 3

DA68-02960R-00.indb 3

13. 12. 16. �� 5:31