ҚҰРЫЛҒЫ ПАРАМЕТРЛЕРІН ОРНАТУ

Жаңа тоңазытқышыңызды орнына қойып болғаннан кейін, құрылғыңыздың параметрлерін орнатып, мүмкіндіктері мен функцияларын рахаттана қолдануыңызға болады.

Төмендегі қадамдарды орындағаннан кейін тоңазытқыш жұмыс істеуге дайын.

Жұмыс істемесе, алдымен электр қуатының бар-жоғын тексеріңіз не осы пайдаланушы нұсқаулығының артындағы ақаулықты түзету тарауын қараңыз.

Басқа сұрағыңыз бар болса, Samsung Electronics қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

1.Тоңазытқышты тоңазытқыш пен қабырғаның арасына жеткілікті орын қалдыра отырып, сай келетін жерге орнатыңыз.

Осы нұсқаулықтағы орнату бойынша нұсқауларды қараңыз.

2.Тоңазытқышты тоққа қосқаннан кейін, есіктерді ашқан кезде ішкі шамның жанатынын тексеріңіз.

3.Тоңазытқышты тоққа қосқаннан кейін, тиісті температураға жету үшін бірнеше сағат қажет болады.

Тоңазытқыштың температурасы жеткілікті түрде суығаннан кейін, тағам мен сусындарды тоңазытқышқа салуыңызға болады.

Қазақша - 20

DA68-02960R-00.indb 20

13. 12. 16. �� 5:31