Ескерту! Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулар

(Осы құрылғыны орнатпай тұрып, Samsung құрылғысында көрсетілген

таңбаларға сай келетін тиісті тарауларды оқыңыз.)

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

АШПАҢЫЗ, ЭЛЕКТР ҚАТЕРІНЕ ҰШЫРАЙСЫЗ.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: ЭЛЕКТР ҚАТЕРІН АЗАЙТУ ҮШІН ҚАҚПАҒЫН (НЕМЕСЕ АРТҚЫ ҚАҚПАҒЫН) АЛМАҢЫЗ. ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ІШІНДЕ, ПАЙДАЛАНУШЫ ЖӨНДЕЙ АЛАТЫН ЕШБІР БӨЛШЕК ЖОҚ. ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЛЫҒЫН БІЛІКТІ МАМАНҒА ТАПСЫРЫҢЫЗ.

Бұл белгіше құрылғының ішінде жоғары кернеу бар екенін көрсетеді. Осы құрылғының кез келген ішкі бөлшегіне қол тигізу қауіпті.

Бұл белгі осы құрылғыны пайдалану және күтіп ұстауға қатысты маңызды нұсқаулар көрсетілген кітапшаның құрылғы жинағына кіретінін ескертеді.

Корпустың ішіндегі, артқы жағы мен астыңғы жағындағы ұяшықтар мен саңылаулар желдету үшін қажет. Осы құрылғының сенімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету және қатты қызып кетуден қорғау үшін, аталмыш ұяшықтар мен саңылауларды ешқашан бітемеу немесе жабық ұстамау керек.

-- Осы құрылғыны кітап сөре немесе кіріктірілген шкаф тәрізді тар жерге, егер ауа айналымы жоқ болса орнатпаңыз.

-- Осы құрылғыны батарея немесе қызу резисторының қасына немесе үстіне не күн сәулесі тура түсетін жерге қоймаңыз.

-- Осы құрылғының үстіне су құйылған сауытты (құмыра т.с.с.) қоймаңыз, себебі өрт немесе электр қатері пайда болуы мүмкін.

Осы құрылғыны жаңбыр немесе суға жақын жерге (ванна, леген, ас үй раковинасының немесе кір жуатын шылапшынның қасына, ылғалды жертөленің ішіне немесе бассейн т.с.с. қасына қоймаңыз). Егер бұл құрылғы кездейсоқ су болып қалса, электр желісінен ағытыңыз да, дереу уәкілетті дилерге хабарласыңыз. Тазалардың алдында құрылғының ашасын розеткадан алып қоюды ұмытпаңыз.

Бұл құрылғы батареямен жұмыс істейді. Сіз тұрған жерде, осы батареяларды қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін дұрыс тастауды қажет ететін ережелер болуы мүмкін. Ескірген батареяны тастау немесе өңдеуден өткізу туралы ақпаратты жергілікті мекемеге хабарласып алыңыз.

Розетка, қорек сымы немесе адаптерді көрсетілген жүктемесінен асыра жүктемеңіз, себебі өрт немесе электр қатеріне ұшырауыңыз мүмкін.

Қорек сымдарын аяққа басылмайтын немесе үстіне не қарсы қойылған заттар жаншып тастамайтын етіп, әсіресе қорек сымының ашаға, адаптерге жақын ұшына және құрылғыдан шыққан жеріне мұқият назар аудара отырып төсеу керек.

Құрылғыны найзағай жарқылынан қорғау немесе қасында болмаған не ұзақ уақыт қолданбаған кезде, ашасынан суырып, антенна немесе кабельдік телевизия жүйесін ағытыңыз. Бұл найзағай жарқылдаған кезде немесе электр қуаты артқан кезде құрылғыны бүлінуден сақтайды.

АТ қорек сымын ТТ адаптеріне жалғау үшін, ТТ адаптерінің кернеуінің, жергілікті электр желісінің техникалық параметрлеріне сай келетініне көз жеткізіңіз.

Осы құрылғының ашық жерлеріне ешқашан басқа темір зат сұқпаңыз. Бұлай істегенде, электр қатері пайда болуы мүмкін.

Электр қатеріне ұшырамау үшін, осы құрылғының ішкі жағын ешқашан қолмен ұстамаңыз. Осы құрылғыны тек уәкілетті техник ғана ашуға тиіс.

Қорек сымының ашасын мықтап сұғыңыз. Қорек сымын розеткадан ағытқан кезде, міндетті түрде ашасынан ұстап суырыңыз. Қорек сымын су қолмен ұстамаңыз.

Егер осы құрылғы дұрыс жұмыс істемесе - әсіресе, одан әдеттен тыс шуыл немесе түтін шықса - дереу ашасынан суырыңыз да, уәкілетті дилерге немесе қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

ТД-ды қолданбасаңыз немесе ұзақ уақыт үйде болмасаңыз (әсіресе, балалар, қарт адамдар немесе мүгедек адамдар үйде жалғыз қалса) ашасын розеткадан суырып ағытып қойыңыз.

-- Шаң жиналып қалса, электр қатері, электр ағысы пайда болуы немесе өрт шығып, жарқыл немесе қызу пайда болуы немесе қорек сымының қаптамасы бүлінуі мүмкін.

Құрылғыны шаңы көп, температурасы жоғары немесе төмен, өте ылғалды, химиялық заттары бар жерге және 24 сағат жұмыс істейтін әуежай, темір жол вокзалы, т.с.с. тәрізді жерлерге орнату үшін міндетті түрде уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Бұлай істемегенде, құрылғыға елеулі нұқсан келуі мүмкін.

Жерге дұрыс тұйықталған аша мен розетканы пайдаланыңыз.

-- Жерге дұрыс тұйықталмаса, электр қатері орын алуы немесе құрылғыға зақым келуі мүмкін. (l-ші сынып құрылғысына ғана қатысты.) Құрылғыны электр желісінен ағыту үшін, ашаны розеткадан ағыту керек, сондықтан, аша қайта қолдануға дайын тұруға тиіс.

Балаларға осы құрылғыға тартылуға жол бермеңіз.

Керек-жарақтарын (батарея т.с.с.) балалардың қолы жетпейтін жерге сақтаңыз. Құрылғыны орнықсыз тұрған сөре, көлбеу еден немесе дірілдейтін жерге орнатпаңыз.

Құрылғыны құлатып алмаңыз немесе оған күш салмаңыз. Құрылғы бүлініп қалса, қорек сымын ағытыңыз да, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Қорек сымын розеткадан ағытыңыз да, құрылғыны жұмсақ, құрғақ матамен сүртіңіз. Балауыз, бензол, спирт, сұйылтқыш, құрт-құмырысқаға қарсы құрал, ауа тазартқыш, лубрикант немесе жуғыш зат тәрізді химиялық құралдардың ешбірін қолданбаңыз. Бұл құрылғының сынын бұзуы немесе өнімге басылған жазуларды өшіруі мүмкін.

Құрылғыға сұйық шашыратуға немесе оған батыруға болмайды. Батареяларды отқа тастамаңыз.

Батареяларды қысқа тұйықтауға, бөлшектеуге немесе қатты қыздыруға болмайды.

Батареяны дұрыс салмаған кезде жарылыс шығу қаупі бар. Батареяның орнына, дәл осындай батареяны салыңыз.

ЕСКЕРТУ - ӨРТ ШЫҒУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН, ОСЫ ҚҰРЫЛҒЫНЫ МАЙ ШАМ НЕМЕСЕ БАСҚА АШЫҚ ОТ КӨЗДЕРІНЕН АЛЫС ҰСТАҢЫЗ.

*Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер мен сызбалар жалпылама ақпарат ретінде ғана берілген және олар құрылғының нақты көрінісінен өзгеше болуы мүмкін. Құрылғының дизайны мен техникалық сипаттамасы алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.

Казақ - 2

Page 61
Image 61
Samsung UE40H4203AKXRU, UE48H4203AKXUZ, UE40H4203AKXUZ, UE48H4203AKXMS manual Ескерту! Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулар

UE48H4203AKXMS, UE48H4203AKXUZ, UE48H4203AKXRU, UE40H4203AKXUZ, UE40H4203AKXMS specifications

The Samsung UE40H4203AKXRU, UE40H5203AKXRU, UE40H4203AKXMS, UE40H4203AKXUZ, and UE48H5203AKXRU are a series of LED TVs that exemplify Samsung’s commitment to delivering quality, performance, and innovation in home entertainment. These models are particularly favored in the 40 to 48-inch category, making them suitable for various room sizes while still providing an immersive viewing experience.

A standout feature across these models is the HD Ready resolution, providing crisp and clear picture quality. This allows viewers to enjoy their favorite movies and shows with vivid detail and vibrant colors. The Samsung's Wide Color Enhancer technology further enhances the display, ensuring that colors appear more vibrant compared to standard TVs. This technology significantly improves the overall visual experience by expanding the color range available to the display.

These TV models also come with Samsung's Smart TV capabilities, although the features may vary slightly between different models. The UE40H5203AKXRU, for instance, includes enhanced connectivity options that allow users to access popular streaming services, browse the internet, and utilize a variety of apps, making it more versatile for modern viewing habits. The user-friendly interface simplifies navigation, making it easy to enjoy a plethora of content without any hassle.

In terms of audio, Samsung has equipped these televisions with Dolby Digital Plus technology, providing an improved and immersive sound experience. This feature enhances the clarity and quality of the audio, ensuring that dialogues are crisp, and sound effects are impactful.

These models also come with the ConnectShare Movie feature, which allows for seamless media playback via USB. Users can easily connect their USB devices to view photos, play music, or watch videos directly on the big screen, enhancing the convenience of the viewing experience.

Lastly, energy efficiency is a significant consideration in these models. Samsung's design focuses on reducing energy consumption while maintaining high performance, making these televisions an environmentally friendly choice. Overall, the Samsung UE40 series, with its blend of excellent display quality, smart features, and user-friendly technology, caters to those who value both entertainment and sustainability in their home setup.