Ескерту! Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулар

(ТД-ды пайдалану алдында осы Қауіпсіздік нұсқауларын оқуыңызды сұраймыз.)

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

АШПАҢЫЗ, ЭЛЕКТР ҚАТЕРІНЕ ҰШЫРАЙСЫЗ.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: ЭЛЕКТР ҚАТЕРІН АЗАЙТУ ҮШІН ҚАҚПАҒЫН (НЕМЕСЕ АРТҚЫ ҚАҚПАҒЫН) АЛМАҢЫЗ. ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ІШІНДЕ, ПАЙДАЛАНУШЫ ЖӨНДЕЙ АЛАТЫН ЕШБІР БӨЛШЕК ЖОҚ. ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЛЫҒЫН БІЛІКТІ МАМАНҒА ТАПСЫРЫҢЫЗ.

Бұл таңба құрылғының ішінде жоғары кернеу бар екенін көрсетеді. Осы құрылғының кез келген ішкі бөлшегіне қол тигізу қауіпті.

Бұл белгі осы құрылғыны іске пайдалануға және күтіп ұстауға қатысты маңызды нұсқаулар кітапшасының жинаққа кіргенін көрсетеді.

Корпустың ішіндегі, артқы жағы мен астыңғы жағындағы ұяшықтар мен саңылаулар желдету үшін қажет. Осы құрылғының сенімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету және оны қатты қызып кетуден қорғау үшін, аталмыш ұяшықтар мен саңылауларды ешқашан бітемеу немесе жабық ұстамау керек.

-- Осы құрылғыны кітап сөре немесе кіріктірілген шкаф тәрізді тар жерге, ауа айналымы жоқ болса орнатпаңыз.

-- Осы құрылғыны батарея немесе қызу қондырғысының қасына немесе үстіне не күн сәулесі тура түсетін жерге қоймаңыз.

-- Осы құрылғының үстіне су құйылған сауыттарды (құмыра, т.с.с.) қоймаңыз, себебі өрт немесе электр қатері орын алуы мүмкін.

Осы құрылғыны жаңбыр немесе суға жақын жерге (ванна, леген, ас үй раковинасының немесе кір жуатын шылапшынның қасына, ылғалды жертөленің ішіне немесе бассейн, т.с.с.) қасына қоймаңыз. Егер бұл құрылғы кездейсоқ су болып қалса, электр желісінен ағытыңыз да, дереу уәкілетті дилерге хабарласыңыз.

Бұл құрылғы батареямен жұмыс істейді. Сіз тұрған жерде, осы батареяларды қоқысқа дұрыс тастауды қажет ететін қоршаған ортаны қорғау ережелері болуы мүмкін. Қоқысқа тастау немесе қайта өңдеуге қатысты ақпаратты жергілікті мекемеге хабарласып алыңыз.

Розетка, қорек сымы немесе адаптерді көрсетілген жүктемесінен асыра жүктемеңіз, себебі өрт немесе электр қатеріне ұшырауыңыз мүмкін.

Қорек сымдарын аяққа басылмайтын немесе үстіне не қарсы қойылған заттар жаншып тастамайтын етіп төсеу керек. Әсіресе қорек сымының ашаға, адаптерге жақын ұшына және құрылғыдан шыққан жеріне мұқият назар аударыңыз.

Құрылғыны найзағай жарқылынан қорғау немесе қасында болмаған немесе ұзақ уақыт қолданбаған кезде, розеткадан суырып, антенна немесе кабель жүйесін ағытыңыз. Бұл найзағай жарқылдаған кезде немесе электр қуаты артқан кезде құрылғығаға зақым келуден сақтайды.

АТ қорек сымын ТТ адаптеріне жалғау үшін, ТТ адаптерінің кернеуінің, жергілікті электр желісінің техникалық параметрлеріне сай екеніне көз жеткізіңіз.

Осы құрылғының ашық жерлеріне ешқашан басқа темір зат сұқпаңыз. Электр қатері пайда болуы мүмкін.

Электр қатеріне ұшырамау үшін, осы құрылғының ішкі жағын ешқашан ұстамаңыз. Осы құрылғыны тек уәкілетті техник ғана ашуға тиіс.

Қорек сымының мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз. Қуат сымын розеткадан әрқашан ашаның өзінен ұстап ағытыңыз. Ешқашан қуат сымынан тартып ағытпаңыз. Қорек сымын су қолмен ұстамаңыз.

Егер осы құрылғы дұрыс жұмыс істемесе - әсіресе, одан әдеттен тыс шуыл немесе түтін шықса - дереу ашасынан суырыңыз да, уәкілетті дилерге немесе қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

ТД-ды қолданбасаңыз немесе ұзақ уақыт үйде болмасаңыз (әсіресе, балалар, қарт адамдар немесе мүгедек адамдар үйде жалғыз қалса) ашасын розеткадан суырып ағытып қойыңыз.

-- Шаң жиналып қалса, электр қатері немесе электр ағысы пайда болуы немесе өрт шығып, жарқыл немесе қызу пайда болуы немесе қорек сымының қаптамасы бүлінуі мүмкін.

ТД-ды шаңы көп, температурасы жоғары немесе төмен, өте ылғалды, химиялық заттары бар жерге немесе 24 сағат жұмыс істейтін әуежай, темір жол вокзалы, т.с.с. тәрізді жерлерге орнату үшін міндетті түрде уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласып ақпарат алыңыз. Бұлай істемегенде, ТД-ға елеулі нұқсан келуі мүмкін.

Жерге дұрыс қосылған аша мен розетканы ғана пайдаланыңыз.

-- Жерге дұрыс қосылмаса, электр қатері орын алуы немесе құрылғыға зақым келуі мүмкін. (l-ші сынып құрылғысына ғана қатысты.)

Осы құрылғыны толық сөндіру үшін розеткадан ағытыңыз. Розетка мен қуат ашасының қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз. Балаларға осы құрылғыға тартылуға жол бермеңіз.

Керек-жарақтарын (батарея, т.с.с.) балалардың қолы жетпейтін жерге сақтаңыз.

Құрылғыны орнықсыз тұрған сөреге немесе көлбеу еденге немесе дірілдейтін жерге орнатпаңыз.

Құрылғыны құлатып алмаңыз немесе соқпаңыз. Егер құрылғыға зақым келсе, қорек сымын ағытыңыз да, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Осы құрылғыны тазалау үшін қорек сымын розеткадан ағытыңыз да, жұмсақ, құрғақ матамен сүртіңіз. Балауыз, бензол, спирт, сұйылтқыш, құрт-құмырысқаға қарсы құрал, ауа тазартқыш, лубрикант немесе жуғыш зат тәрізді химиялық құралдардың ешбірін қолданбаңыз. Бұл химиялық заттар ТД-дың сынын бұзуы немесе өнімге басылған жазуларды өшіруі мүмкін.

Бұл құрылғыға сұйық шашыратуға немесе оған батыруға болмайды. Батареяларды отқа тастамаңыз.

Батареяларды қысқа тұйықтауға, бөлшектеуге немесе қатты қыздыруға болмайды.

Қашықтан басқару пультіндегі батареялардың орнына сай келмейтін батарея түрін салсаңыз жарылыс шығуы мүмкін. Батареяның орнына дәл осындай немесе балама батареяны салыңыз.

ЕСКЕРТУ - ӨРТ ШЫҒУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН, МАЙ ШАМ НЕМЕСЕ БАСҚА АШЫҚ ОТ КӨЗДЕРІ БАР ЗАТТАРДАН ОСЫ ҚҰРЫЛҒЫНЫ АЛЫС ҰСТАҢЫЗ.

*Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер мен сызбалар жалпылама ақпарат ретінде ғана берілген және олар нақты құрылғыдан өзгеше болуы мүмкін. Құрылғының дизайны мен техникалық сипаттамасына алдын ала ескертусіз өзгеріс енгізілуі мүмкін.

Казақ - 2

Page 46
Image 46
Samsung UE55JU6690UXRU, UE48JU6600UXRU, UE40JU6690UXRU, UE55JU6600UXRU manual Ескерту! Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулар

UE40JU6600UXRU, UE55JU6600UXRU, UE40JU6690UXRU, UE55JU6690UXRU, UE48JU6600UXRU specifications

The Samsung UE55JU6690UXRU, UE48JU6490UXRU, UE40JU6790UXRU, UE55JU6400UXRU, and UE55J6390AUXRU are exceptional television models that cater to diverse viewing needs. Each of these models exhibits Samsung's commitment to quality and innovation in home entertainment technology.

The UE55JU6690UXRU features a stunning 55-inch display, showcasing 4K Ultra HD resolution that delivers remarkable picture clarity and detail. Equipped with Samsung's proprietary SUHD technology, it uses advanced image processing to enhance color accuracy and brightness. The Curved Screen on this model invites a more immersive viewing experience, allowing viewers to enjoy a wider field of vision.

Similarly, the UE48JU6490UXRU offers a 48-inch screen size with the same 4K Ultra HD resolution. Ideal for smaller spaces, this model also incorporates Samsung’s Smart TV platform, providing access to a plethora of streaming services and applications for endless entertainment. The Ultra Clear Panel technology reduces reflections, ensuring a clearer image even in well-lit rooms.

For those looking for compact yet powerful options, the UE40JU6790UXRU features a 40-inch display with 4K resolution. This model also comes with HDR Pro technology, which improves the range of contrast and color depth, resulting in a more dynamic viewing experience. With the addition of Wide Color Enhancer, users can enjoy vivid and lifelike hues.

The UE55JU6400UXRU is another impressive 55-inch model, known for its sleek design and Smart TV capabilities. This unit provides high-quality content through its 4K Upscaling feature which transforms lower-resolution content into near 4K quality. Users will appreciate the intuitive Smart Hub interface that simplifies finding and accessing apps, games, and streaming services.

Lastly, the UE55J6390AUXRU combines a 55-inch Full HD screen with elegant aesthetics. Although it does not reach 4K resolution, it offers a still impressive viewing experience with its HD picture quality and Clear Motion Rate technology, ensuring smooth action scenes.

In summary, the Samsung UE55JU6690UXRU, UE48JU6490UXRU, UE40JU6790UXRU, UE55JU6400UXRU, and UE55J6390AUXRU embody the brand’s technological advancements. Featuring 4K resolution, smart capabilities, and enhanced color technologies, these models cater to varying preferences and setup requirements, making them standout choices for any home entertainment system.