04Параметрлерді бастапқы орнату

ТД-ды қосқанда бастапқы параметр орнататын тілқатысу терезесі пайда болады. Бастапқы параметрлерді орнатуды аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Осы әрекетті кейінірек > Баптаулар > Жалпы > Орнатуды бастау мәзірінде қолдан орындауға болады.

•• Егер кез келген құрылғыны орнатпай тұрып HDMI1 ұяшығына жалғасаңыз, Арна ресурсы режимі автоматты түрде кабель қорапшасы қалпына қойылады.

•• Егер STB декодері режимін таңдағыңыз келмесе, Aнтенна параметрін таңдаңыз.

Теледидарды басқарушы функциясын пайдалану

ТД-ды ТД-дың артындағы Теледидарды басқарушы түймесімен басып қосып, содан кейін басқару мәзірін пайдаланыңыз. ТД On (Қосу) қалпында тұрғанда түймені басқанда, Басқару мәзірі пайда болады. Басқару мәзірін пайдалануға қатысты көбірек ақпаратты төмендегі суреттен қараңыз.

Басқару мәзірі

 

: Басты

: Сигнал көзі

: Баптаулар

: Қуатты өшіру

: Қайту

 

Басқару таяқшасы

Басқару таяқшасы ТД-дың артқы жағының астыңғы сол бұрышында орналасқан.

•• w/v: Дыбыс деңгейін өзгертеді.

•• </>: Арнаны ауыстырады.

Қазақ - 12

Page 78
Image 78
Samsung UE49MU6300UXRU, UE65MU6300UXRU manual 04 Параметрлерді бастапқы орнату, Теледидарды басқарушы функциясын пайдалану