02ТД-ды орнату

ТД-ды қабырғаға орнату

Егер осы ТД-ды қабырғаға орнатсаңыз, өндіруші белгілеген нұсқауларды бұлжытпай орындаңыз. Егер дұрыс орнатылмаса, ТД жылжып немесе құлап қалып, баланы немесе ересек адамды қатты

жарақаттауы және ТД-ға елеулі зақым келтіруі мүмкін.

Қабырғаға ілінетін адаптерлер берілетін үлгілерде қабырғаға ілу жинағын орнатардан бұрын адаптерлерді орнатыңыз.

•• Samsung қабырғалық аспа жинағымен бірге берілетін орнату нұсқаулығын қараңыз.

Қабырғалық

ТД

Қабырғалық

аспаның

жинақтың

қапсырмасы

адаптері

 

 

C

•• Samsung Electronics қабырғалық аспа жинақты өз бетіңізбен орнатып, жарақат алсаңыз не басқа адамдар зардап шексе немесе мүлікке нұқсан келсе, ешбір жауапкершілік көтермейді.

•• Қабырғалық аспа жинақты қатты қабырғаға, еденге перпендикуляр бағытта орнатыңыз. Қабырғалық аспа жинақты гипсокартоннан басқа қабырғаға орнату алдында қосымша ақпарат алу үшін ең жақын жердегі дилерге хабарласыңыз. Егер ТД-ды төбеге немесе көлбеу қабырғаға орнатсаңыз құлап, адам қатты жарақат алуы мүмкін.

•• Қабырғаға ілу жинағының әдеттегі өлшемдері келесі беттегі кестеде көрсетілген.

•• Егер басқа компанияның қабырғаға ілу жинағын орнататын болсаңыз, теледидарды қабырға жинағына бекіту үшін пайдалануға болатын бұрандалардың ұзындығы келесі беттегі кестедегі C бағанында көрсетілген.

•• Қабырғаға ілу жинағын орнатқан кезде, барлық төрт VESA бұрандасын бұрауды ұсынамыз.

•• Егер қабырғаға небары екі үстіңгі бұранданың көмегімен бекітілетін қабырғаға ілу жинағын орнатқыңыз келсе, міндетті түрде орнатудың осы түрінде қолданылатын Samsung қабырғаға ілу жинағын пайдаланыңыз. (Географиялық аймаққа байланысты қабырғаға ілу жинағының осы түрін сатып ала алмауыңыз мүмкін).

Казақ

Қазақ - 7

Page 73
Image 73
Samsung UE65MU6300UXRU, UE49MU6300UXRU, UE55MU6300UXRU manual 02 ТД-ды орнату, ТД-ды қабырғаға орнату