Сақтау және күтім көрсету

Егер ТД бейнебетіне жапсырма жапсырсаңыз, оларды алғаннан кейін орындары шамалы кірлеп қалады. ТД-ды осыны тазалағаннан кейін қараңыз.

Құрылғыға су шашуға болмайды. Құрылғыға кірген кез келген

Құрылғыны аз ғана су сіңірілген жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.

сұйық зат оны бүлдіруі, өртке себеп болуы немесе электр қатерін

Тұтанғыш сұйықтарды (мысалы, бензин, сұйылтқыш) немесе

тудыруы мүмкін.

тазалағыш затты қолданбаңыз.

Теледидарды қабырғаға бекіту

Абайлаңыз: Теледидарды тартса, итерсе немесе үстіне шықса, ол құлап кетуі мүмкін. Сондай-ақ, балалардың ТД-ға артылып тұрмауына немесе оны қозғамауына көз жеткізіңіз. Әйтпесе ТД аударылып кетіп, адам қатты жарақат алуы немесе мерт болуы мүмкін. ТД жинағымен қоса берілген қауіпсіздік парағындағы сақтық шараларының барлығын орындаңыз. Қосымша қауіпсіздік шарасы ретінде және өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін төменде сипатталған, аударылып қалуға қарсы құралды сатып алып орнатыңыз.

Теледидарды құлатып алуға жол бермеңіз

1.Бұрандаларды қапсырмаларға салыңыз да, қабырғаға мықтап бекітіңіз. Бұрандалардың

қабырғаға мықтап бекігеніне көз жеткізіңіз.

Қабырғаның түріне байланысты анкер шегесі тәрізді қосымша зат қажет болуы мүмкін.

Бұранда қапсырмасы, бұрандалар мен бау құрылғымен бірге жеткізілмейтіндіктен оларды жеке сатып алу қажет.

2. Бұрандаларды теледидардың артқы орта жағынан алыңыз да, қапсырмаға салыңыз, содан соң бұрандаларды қайтадан теледидарға бекітіңіз.

Бұрандалар құрылғымен бірге жеткізілмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда, келесі техникалық сипаттамаға ие бұрандаларды сатып алуды сұраймыз.

Бұранданың техникалық сипаттамасы

• 19 ~ 27 дюйм үшін: M4

32 ~ 75 дюйм үшін: M8

3. Теледидарға бекітілген қапсырмалар мен қабырғаға бекітілген қапсырмаларды берік сым арқылы жалғап, содан соң мықтап байлаңыз.

ЕСКЕРІМ

ТД артқа қарай құлап кетпес үшін қабырғаға таяу орнатыңыз.

Сақтық мақсатында қабырғаға бекітілген қапсырма мен теледидарға бекітілген қапсырма бір деңгейде не одан төменірек тұру үшін оларды сыммен қосып байлаған дұрыс.

Сымды ТД-ды жылжытпай тұрып шешіңіз.

4. Барлық қосылымдардың мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз. Қосылымдардың босап қалмағанын мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз. Қосылымдардың берік екендігіне күмәндансаңыз, білікті маманға хабарласыңыз.

Казақ

Казақ - 21

Page 90
Image 90
Samsung UE55ES7500SXRU Сақтау және күтім көрсету, Теледидарды қабырғаға бекіту, Тудыруы мүмкін Тазалағыш затты қолданбаңыз