Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулар

Ескерту! Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулар

(Осы құрылғыны орнатпай тұрып, Samsung

құрылғыңызда көрсетілген таңбаларға сай келетін тиісті тарауларды оқыңыз.)

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

АШПАҢЫЗ, ЭЛЕКТР ҚАТЕРІНЕ ҰШЫРАЙСЫЗ.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: ЭЛЕКТР ҚАТЕРІН АЗАЙТУ ҮШІН ҚАҚПАҒЫН (НЕМЕСЕ АРТҚЫ ҚАҚПАҒЫН) АЛМАҢЫЗ. ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ІШІНДЕ, ПАЙДАЛАНУШЫ ЖӨНДЕЙ АЛАТЫН ЕШБІР БӨЛШЕК ЖОҚ. ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЛЫҒЫН БІЛІКТІ МАМАНҒА ТАПСЫРЫҢЫЗ.

Бұл белгіше құрылғының ішінде жоғары кернеу бар екенін көрсетеді. Осы өнімнің ішкі бөлшектеріне қол тигізу қауіпті.

Бұл белгі осы өнімді іске қосу және күтіп ұстауға қатысты маңызды нұсқаулар көрсетілген кітапшаның өніммен бірге жеткізілетінін ескертеді.

Корпустың ішіндегі, артқы жағы мен астыңғы жағындағы ұяшықтар мен саңылаулар желдету үшін қажет. Осы құрылғының тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін және оны қатты қызып кетуден сақтандыру үшін, аталмыш ұяшықтар мен саңылаулар ешқашан бітелмеуге немесе жабық тұрмауға тиіс.

−− Осы құрылғыны кітап сөре немесе кіріктірілген шкаф тәрізді тар жерге, егер ауа айналымы жоқ болса орнатпаңыз.

−− Осы құрылғыны батарея немесе қызу резисторының қасына немесе үстіне не күн сәулесі тура түсетін жерге қоймаңыз.

−− Осы құрылғының үстіне су құйылған сауыттарды (құмыра т.с.с.) қоймаңыз, себебі өрт немесе электр қатері орын алуы мүмкін.

Осы құрылғыны жаңбыр немесе суға жақын жерге (ванна, леген, ас үй раковинасының немесе кір жуатын шылапшынның қасына, ылғалды жертөле немесе бассейн т.с.с. қасына қоймаңыз). Егер бұл құрылғы кездейсоқ су болып қалса, электр желісінен ағытыңыз да, дереу уәкілетті дилерге хабарласыңыз. Тазалардың алдында құрылғының ашасын розеткадан алып қоюды ұмытпаңыз.

Бұл құрылғы батареямен жұмыс істейді. Сіз тұрған жерде, осы батареяларды қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін тиісті түрде тастауды қажет ететін ережелер болуы мүмкін.

Ескірген батареяны тастау немесе өңдеуден өткізу туралы ақпаратты жергілікті мекемеге хабарласып алыңыз.

Розетка, қорек сымы немесе адаптерді көрсетілген жүктемесінен асыра жүктемеңіз, себебі өрт немесе электр қатеріне ұшырауыңыз мүмкін.

Қорек сымдарын аяққа басылмайтын немесе үстіне не қарсы қойылған заттар жаншып тастамайтын етіп, әсіресе қорек сымының ашаға, адаптерге жақын ұшына және құрылғыдан шыққан жеріне мұқият назар аудара отырып төсеу керек.

Құрылғыны найзағай жарқылынан қорғау немесе қасында болмаған не ұзақ уақыт қолданбаған кезде, ашасынан суырып, антенна немесе кабельдік телевизия жүйесінен ағытыңыз. Бұл найзағай жарқылдаған кезде немесе электр қуаты артқан кезде құрылғыны бүлінуден сақтайды.

АТ қорек сымын ТТ адаптеріне жалғау үшін, ТТ кернеу мәнінің, жергілікті электр желісінің техникалық параметрлеріне сай келетініне көз жеткізіңіз.

Осы құрылғының ашық жерлеріне ешқашан басқа темір зат сұқпаңыз. Бұлай істегенде, электр қатері орын алуы мүмкін.

Электр қатеріне ұшырамау үшін, осы құрылғының ішкі жағын ешқашан қолмен ұстамаңыз. Осы құрылғыны тек уәкілетті техник ғана ашуға тиіс.

Қорек сымының ашасын мықтап сұғыңыз. Қорек сымын розеткадан ағытқан кезде, міндетті түрде ашасынан ұстап суырыңыз. Қорек сымын су қолмен ұстамаңыз.

Егер құрылғы дұрыс жұмыс істемесе - әсіресе, одан әдеттен тыс шу немесе түтін шықса - дереу ашасынан суырыңыз да, уәкілетті дилерге немесе қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Теледидарды қолданбасаңыз немесе ұзақ уақыт үйде болмасаңыз (әсіресе, балалар, қарт адамдар немесе мүгедек адамдар үйде жалғыз қалса) ашасын розеткадан суырып ағытып қойыңыз.

−− Шаң жиналып қалса, электр қатері, электр ағысы пайда болуы немесе өрт шығып, жарқыл немесе қызу пайда болуы немесе қорек сымының қаптамасы бүлінуі мүмкін.

Құрылғыны шаңы көп, температурасы жоғары немесе төмен, аса ылғалды, химиялық заттар сақталатын және 24 сағат жұмыс істейтін әуежай, вокзал, т.с.с. тәрізді жерлерге орнату үшін міндетті түрде уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Бұлай істемегенде, құрылғыға елеулі нұқсан келеді.

Тиісті түрде жерге қосылған аша мен розетканы қолданыңыз.

−− Жерге дұрыс қосылмаса, электр қатері орын алуы немесе құрылғыға зақым келуі мүмкін. (l-ші топқа жататын құрылғыға ғана қатысты.)

Құрылғыны электр желісінен ағыту үшін, ашаны розеткадан ағыту керек, сондықтан да, аша қайта қолдануға дайын тұруға тиіс.

Балаларға осы құрылғыға тартылуға жол бермеңіз.

Керек-жарақтарын (батарея т.с.с.) балалардың қолы жетпейтін жерге сақтаңыз.

Құрылғыны орнықсыз тұрған сөре, көлбеу еден немесе дірілдейтін жерге орнатпаңыз.

Құрылғыны құлатып алмаңыз немесе оған күш салмаңыз. Құрылғы бүлініп қалса, қорек сымын ағытыңыз да, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Қорек сымын розеткадан ағытыңыз да, құрылғыны жұмсақ, құрғақ матамен сүртіңіз. Балауыз, бензол, спирт, сұйылтқыш, құрт- құмырысқаға қарсы құрал, ауа тазартқыш, лубрикант немесе жуғыш зат тәрізді химиялық құралдардың ешбірін қолданбаңыз. Бұл құрылғының сынын бұзуы немесе өнімге басылған жазуларды өшіруі мүмкін.

Құрылғыға сұйық шашыратуға немесе оған батыруға болмайды.

Батареяларды отқа тастамаңыз.

Батареяларды қысқа тұйықтауға, бөлшектеуге немесе қатты қыздыруға болмайды.

Батареяны дұрыс салмаған кезде жарылыс шығу қаупі бар. Батареяның орнына, дәл осындай батареяны салыңыз.

ЕСКЕРТУ - ӨРТ ШЫҒУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН, ОСЫ ҚҰРЫЛҒЫНЫ МАЙ ШАМ НЕМЕСЕ БАСҚА АШЫҚ ОТ КӨЗДЕРІНЕН АЛЫС ҰСТАҢЫЗ.

Казақ - 2

Page 62
Image 62
Samsung UE75F6300AKXRU manual Ескерту! Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулар

UE75F6300AKXRU specifications

The Samsung UE75F6300AKXRU is a premium television model that epitomizes innovation and advanced technology. Being part of Samsung’s flagship series, this LED TV stands out with its impressive display capabilities and a vast range of smart features that enhance the overall viewing experience.

One of the notable features of the UE75F6300AKXRU is its 75-inch screen, which delivers an expansive viewing canvas perfect for home theater enthusiasts. The Ultra Clear Panel technology prevents glare and reflections, ensuring a vivid picture quality even in bright environments. With full HD resolution of 1920 x 1080 pixels, users can enjoy sharp, detailed images with rich colors that bring content to life.

The television is powered by Samsung's advanced Micro Dimming feature, which optimizes contrast by adjusting the brightness of specific areas of the screen. This technology significantly enhances picture quality by providing deeper blacks and brighter whites, resulting in a more lifelike viewing experience.

When it comes to audio quality, the UE75F6300AKXRU does not disappoint. It is equipped with a powerful, integrated sound system that can fill large rooms with rich, immersive sound. Users can also take advantage of the DTS Studio Sound technology that offers a surround sound experience without the need for external speakers.

In terms of smart capabilities, the UE75F6300AKXRU features Samsung’s Smart Hub, which allows users to access a wide range of streaming services and applications. With its user-friendly interface, navigating through platforms like Netflix, YouTube, and other apps is effortless. Additionally, the Smart View feature enables seamless screen mirroring from compatible smart devices, making it easier than ever to share content with friends and family.

Connectivity options are robust, with multiple HDMI ports, USB inputs, and built-in Wi-Fi, allowing users to connect various devices and enjoy their favorite media effortlessly.

With its sleek and modern design, the Samsung UE75F6300AKXRU complements any home décor. The ultra-slim profile and narrow bezel make it an attractive centerpiece for any living space.

In conclusion, the Samsung UE75F6300AKXRU offers a powerful combination of impressive display technology, smart features, and stylish design. For those seeking an extraordinary home entertainment experience, this television model stands out as an excellent choice.