төсек жабдықтарын, төсектерді, жастықтарды жəне т.с.с. заттарды зарарсыздандырудан басқа мақсатта пайдаланбаңыз. Компания ультракүлгін шөткені жоғарыда көрсетілген мақсатта пайдаланбау салдарынан орын алған жағдайларға қатысты шығындардың ешқайсысына жауапты емес.

Ультракүлгін шөткеге отырмаңыз немесе оны түсіріп алмаңыз жəне бұйымға салмақ салмаңыз. Бұлай істемесеңіз, жарақат алу немесе жарылыс пайда болу қаупі бар.

Ультракүлгін шөткенің арт жағындағы қуат ағытпаларына темір ине немесе білікшені тигізбеңіз. Себебі өрт немесе электр қатері орын алуы мүмкін.

Ультракүлгін шам істемей қалған кезде, құралды ешқашан өзіңіз бөлшектемеңіз немесе өзгертпеңіз.

Ауыстыру үшін өндірушіге немесе қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Ультракүлгін шөткенің заряды шығып кетуі мүмкін болғандықтан, оны ешқашан тұтанғыш спрейдің немесе заттың қасында пайдаланбаңыз.

Ультракүлгін шөткені ұзақ уақыт пайдаланғаннан кейін ультракүлгін шамның терезесіне қол тигізбеңіз, себебі терезенің беті ысып тұруы мүмкін.

Ультракүлгін шамдарға тəн қасиет бойынша, ультракүлгін шөтке төмен температурада баяу іске қосыла бастауы мүмкін. Ультракүлгін шөткені үйдің ішінде ұстаңыз.

06_ Қауіпсіздік туралы ақпарат

Page 54
Image 54
Samsung VC07F80UNCC/EV manual 06 Қауіпсіздік туралы ақпарат