МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
ЖАЛПЫЛАМА
•Нұсқаулардың барлығын мұқият оқып шығыңыз.
Тоққа қосар алдында электр желісіндегі кернеудің, шаңсорғыштың астыңғы жағындағы техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген мəнге сай келетініне көз жеткізіңіз.
•ЕСКЕРТУ : Шаңсорғышты кілем немесе еден дымқыл болған кезде пайдаланбаңыз. Суды сорғызып алу үшін пайдаланбаңыз.
•Балалар кез келген құрылғыны қолданса немесе құрылғылардың қасында жүрсе, оларға мұқият назар аудару керек. Шаңсорғышты ойыншық ретінде қолдануға рұқсат бермеңіз. Шаңсорғышты ешқашан қараусыз іске қосып қоюға болмайды. Шаңсорғышты осы нұсқауларда көрсетілген мақсатта ғана қолданыңыз.
•Шаңсорғышты шаң сауытын салмай қолданбаңыз.
Шаңсорғыш тиімді түрде жұмыс жасау үшін, оның шаң сауытын толтырмай тұрып босатыңыз.
•Шаңсорғышты сіріңкені, ыстық күлді немесе темекі тұқылын тазалау үшін қолданбаңыз. Шаңсорғышты пештен жəне басқа қызу көздерінен алыс ұстаңыз. Қызудың
əсерінен құрылғының пластик бөліктерінің өңі кетуі немесе деформациялануы мүмкін.
•Қатты, өткір заттарды шаңсорғышпен тазаламаңыз, себебі шаңсорғыштың бөлшектеріне нұқсан келтіруі мүмкін. Түтікшелер жинағын аяқпен баспаңыз. Түтікшеге салмақ салмаңыз.
Ауа соратын немесе шығаратын саңылауларын бітемеңіз.
•Шаңсорғыштың ашасын тоқтан суырмай тұрып, корпусындағы тетігін басып сөндіріңіз. Шаң сауытын тазалар алдында ашаны розеткадан суырыңыз. Құрылғыға нұқсан келтірмеу үшін, оны сымынан тартпай, ашасын қысып ұстап суырыңыз.
04_ Қауіпсіздік туралы ақпарат