Ескертпелер мен ескертулер
Қолдану барысында
ЕСКЕРТПЕ
•Өнім функциялары үлгі түріне байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
•Шаң тазалайтын шөткені немесе сүйір құралды пайдаланғанда, шаңсорғышта діріл пайда болғанын сезінуіңіз мүмкін.
•Шаң қалтасын түсіп қалмау үшін қауіпсіздік құралы қосылғаннан кейін жұмыс барысында естілетін дыбыс өзгеруі мүмкін.
•Шаңсорғыш жұмыс істемеген кезде батареяларын ауыстырыңыз. Ақаулық орын алуын жалғастырса, уәкілетті дилерімізге хабарласыңыз. АА өлшемді 2 батареяны қолданыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
•Ашаны розеткадан суырғанда, сымынан тартып емес, ашасынан ұстап суыру керек.
•Шаңсорғышты алып жүрген кезде қақпақ астындағы түймені басу арқылы корпус қақпағын ашып жібермегеніңізді тексеріңіз.
•Өнімді орнына қою үшін, корпус астындағы кішкентай саңылаудағы еденге арналған түтікшені тиісінше орналастырыңыз.
Тазалау және күтім көрсету
ЕСКЕРТПЕ
•Шығыс сүзгісін сумен жумаңыз.
•Шығыс сүзгісін жақсы күйде ұстау үшін, оны жылына бір рет ауыстырыңыз.
•Едендерге сызат түсірмеу үшін шөткенің күйін тексеріп, тозған болса ауыстырыңыз.
•Қосалқы сүзгілерді жергілікті Samsung қызмет агенттерінен алуға болады.
•Қуат сымын ұстап тұрып, Сымды орау түймесін басыңыз, себебі, сымды орау барысында босап кетсе, жарақат алуыңыз мүмкін.
•Қуат сымы дұрыс оралмаса, сымды қайта
2 ~ 3 м тартып шығарғаннан кейін Сымды орау түймесін қайта басыңыз.
•Шаң сору қарқының қуаты үздіксіз төмендесе, "Кіресін сүзгіні тазалау" бөлімін қарап, кіресін сүзгіні тазалаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
•Шаң сору қарқыны үздіксіз төмендесе немесе шаңсорғыш қатты қызып кетсе, шығаберіс сүзгіні тазалаңыз.
•Кіресін сүзгіні теріс құрастырса, шаң сору қарқыны әжептәуір төмендеуі мүмкін.
•Түтіктегі бөгде заттарды ала алмасаңыз, жақын жердегі қызмет көрсету агентіне хабарласыңыз.
•Шаңсорғыш деформацияланып немесе өңсізденіп қалмау үшін көлеңке жерде сақтаңыз.
•Шаңсорғыштың батареяларын ауыстырған кезде, төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
Қосымшалар
Қазақша 17