Жаңа samsung кір жуғыш машинасының қызметі

Жаңа кір жуғыш машина сіздің кір жуу жайлы ойыңызды өзгертеді. Сыйымдылығы жоғары жəне электр энергиясын үнемдейтін Samsung кір жуғыш машинасы жалықтырған жұмысты сүйікті іске айналдырады.

Күміспен кір жуу – Silver Nano Health Systemжүйесі (кейбір үлгілерінде бар)

Керемет үйлесім! Samsung компаниясы шығарған Silver Nano технологиясы күмістің дизинфекциялаушы əсері мен ғылымның мінсіз тазалық жолындағы жетістіктерін үйлестіреді. Күмістен жасалған екі пластина электролиз кезінде таза күміс иондарын шығарады. Ағартқыш қосылмаған суық суда да күміс бөлшектері бактериялардың жағымсыз иісін жойып, «керемет таза» кір жууды қамтамасыз етеді. Кірді суық сумен жуу электр энергиясын үнемдеп, киіміңізді қорғайды.

Күміс пластиналар кір жуғыш машинаны аптасына екі рет қолданған жағдайда он жыл қызмет көрсетеді, ал қажет болған жағдайда оны қызмет көрсететін маман оңай ауыстырып береді.

Балалардың киімін жуу жүйесі

Samsung кір жуғыш машинасында терісі сезімтал балалардың киімін қорғайтын, кір жуу бағдарламасы бар.

Бұл бағдарламалар балалар терісінің тітіркену қаупін төмендетеді, себебі жуғаннан кейін киімде кір жуғыш ұнтақтың аз ғана бөліктері қалады. Сондай-ақ бағдарламалар кірді түріне қарай бөлуді қарастырады да, кір жуу кірдің сипаттамасына сəйкес жүзеге асады.

Балалардан қорғайтын құлып

«Балалардан қорғайтын құлып» қызметі балалардың машина жұмысына араласпауына мүмкіндік береді.

Аталған қызмет қосылған кезде сəйкес индикатор жанады.

Жүн жуу үшін сертификатталған

Кір машинасы Woolmark компаниясында сыналып, қажет сертификациядан өтті жəне техникалық сипаттамасы бойынша жүннен жасалған кірді машинада жуу үшін сертификатталған.

Барлық маталарды киімдегі затбелгіге сəйкес, Woolmark жəне Samsung компанияларының нұсқаулығын есепке ала отырып жуған жөн.

Жууды кейін бастау

Бұл қызмет кір жуғыш машинасын өзіңізге ыңғайлы уақытта пайдалану үшін (арасы 1 сағаттан 19 сағаттан артық емес) кір жууды кейін бастауға мүмкіндік береді.

Кір жуу уақытын таңдау

Бұл қызмет таңдау мүмкіндігін кеңейтеді. 9 түрлі уақыт аралығының болуынан сіз кір жуу уақытын қажетіңізге қарай қоя аласыз.

2_ Жаңа samsung кір жуғыш машинасының қызметі

WF0592SR-02794C_KK.indd 2

 

 

2010-5-25 13:48:14