•Кірді тез жуу
Уақыт өткізбеңіз! Кір жууға жарты сағаттан аз уақыт кетіп, уақыт үнемделеді.
Біздің 29 минуттық тез кір жуу бағдарламасы - əрқашан қолы босамай жүретіндерге таптырмас шешім. Енді сүйікті киіміңізді небəрі 29 минутта жууға болады!
•«Жұқа маталарды жуу» жəне «Қолмен жуу» бағдарламалары
Тиісті температура режимін таңдау, су көлемін сақтау нəтижесінде ұқыпты кір жууға қол жеткізуге болады.
•Керамикалық жылытатын бөлігі ұзақ уақыт пайдалану мен электр энергиясын үнемдейді (кейбір түрлерінде бар)
Жаңа керамикалық жылытатын бөлік қарапайым жылытатын бөліктерге қарағанда екі есе сенімді. Нəтижесінде жөндеуге кететін шығын мөлшері азаяды.
•Кеңінен ашылатын есік
Кеңінен ашылатын есігі қарауға ыңғайлы! Енді төсек жабдықтары, орамал жəне т.б. сияқты көлемді заттарды да машинаға салып, шығару ешқандай қиындық тудырмайды.
Бұл нұсқаулықта Samsung кір жуғыш машинасын орнату, қолдану жəне күту бойынша маңызды ақпараттар бар. Онда басқару панелі қалай жұмыс істейтіндігін, кір жуғыш машинаның мүмкіндіктері мен барлық қызметтерін қалай қолдану керектігін біле аласыз. 33 беттегі «Бүлінулерді жою мен қателер туралы хабарлама» бөлімінде бүлінулер болған жағдайда не жасау керек екендігі көрсетілген.
функции новой стиральной машины samsung _3