кір жуғыш машина параметрлерін орнату

ОРНАТУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРДЫ ОРЫНДАУ

Электр қосылымы жəне жерге қосу

Ешқашан ұзартқыш сымды қолданбаңыз.

ЕСКЕРТУ Тек кір жуғыш машинамен бірге жеткізілетін қуат сымын ғана қолданыңыз. Орнатуға дайындалу барысында, қуатпен жабдықтау параметрлерін тексеріңіз:

АТ 220-240В / 50Гц сақтандырғыш немесе айырып-қосқышТек кір жуғыш машинаның өзіне арналған жеке желі құралын қолданыңыз

Кір жуғыш машинаңызды жерге қосу керек. Егер машинаңыз сынып немесе жұмыс істемей қалса, жер қосылымы, электр тоғының ағымына ең төмен деңгейде қарсы тұруға көмектесіп, электр қатерінен сақтандырады.

Кір жуғыш машинаңыз, жерге дұрыс қосылған розеткаға сұғуға арналған, үш істікшелі жерге қосылатын ашамен жабдықталған.

Жерге қосылатын сымды ешқашан пластик құбыр жүйесіне, газ жүйесіне не ыстық су құбырына жалғамаңыз.

Құрылғыны жерге қосатын өткізгіш дұрыс жалғанбағанда электр қатері орын алады.

Кір жуғыш машинаның жерге дұрыс қосылғанына көзіңіз жетпесе, білікті электрші немесе қызмет көрсету маманына хабарласыңыз. Кір жуғыш машинамен бірге жеткізілген ашаны өзгертпеңіз. Егер ол розеткаға сай келмесе, электр маманын шақыртып, сай келетін розетка орнаттыртып алыңыз.

Сумен жабдықтау

Судың қысымы 50 кПа ~ 800 кПа болған кезде кір жуғыш машинаға су дұрыс толады. Судың қысымы 50 кПа мəнінен аз болса, судың тығырығы жұмыс істемей, толық жабылмай қалуы мүмкін. Немесе, кір жуғыш машинаға басқару құралдарының су өткізгіштік қарқынына қарамай, су баяу құйылуы, нəтижесінде кір жуғыш машина сөніп қалуы мүмкін. (Су құю аяқталатын уақыт, басқару құралдарына кіріктірілген ішкі түтікше босап кетсе, су тасып/ағып кетпес үшін қажет.)

Су шүмектеріне машинамен бірге жеткізілген су құятын түтіктер жетуі үшін, олар кір жуғыш машинаның арт жағынан 120см-ден қашық емес жерде орналасуға тиіс.

Құбыр жүйесіне арналған тауарлар сатылатын дүкендердің көпшілігінде, ұзындығы 305 см дейінгі, су құятын əр түрлі түтіктер сатылады.

Су жылыстап ағу немесе төгіліп қалудың алдын алу үшін мына шараларды орындауыңызға болады:

Су шүмектерін қол оңай жететін жерге орналастыру.Кір жуғыш машинаны іске қоспаған кезде шүмектерді жауып қою.

Су құятын түтіктің тетіктерінен су ағып тұрған-тұрмағанын уақытылы тексеріп отыру.

Кір жуғыш машинаңызды ең алғаш іске қосардың алдында, су тығырығы мен шүмектеріндегі ЕСКЕРТУ тетіктердің барлығын тексеріп, су ағып тұрмағанына көз жеткізіңіз.

Казақ - 12

ARNO_DC68-03038S-15_KZ_160112.indd Sec4:12

2016-01-12 ￿￿ 10:46:32