Жаңа samsung кір жуғыш машинасының қызметі

Жаңа кір жуғыш машина сіздің кір жуу жайлы ойыңызды өзгертеді. Өзінің керемет сапасының арқасында Samsung кір жуғыш машинасы жалықтырған жұмысты сүйікті іске айналдырады.

Эко көпіршік технологиясы

Eco Bubble технологиясы судың аз мөлшерін ауа және тазалағыш затпен (ұнтақ, таблетка түріндегі немесе сұйық тазалағыш заттармен бірге пайдалануға болады) жылдам араластыратын көпіршік генераторын пайдалану арқылы жуу циклі кезінде тазалағыш затты анағұрлым ертелеу және жылдамырақ іске жұмылдырады. Бұл судың негізгі бөлігі алынғанға дейін көпіршікті орта жасайды, ал тазалағыш затқа толы көпіршіктер матаға дәстүрлі жуу жүйесіне қарағанда анағұрлым жылдамырақ және тиімді түрде енеді, осылайша салқындау температура циклдарында бұрынғыдан таза жуу көрсеткішіне қол жеткізіледі.

Интенсивті Eco жуу

Көпіршікпен жуу технологиясы инновациялы қуатты үнемдеу мүмкіндігін ұсынады

– әсіресе, Интенсивті Eco жуу циклдары таңдалған болса. Егер ‘Интенсивті Eco жуу мүмкіндігін таңдасаңыз: 15ºC’ салқын сумен жуыңыз, бұл қуатты үнемдей отырып, 40ºC дәстүрлі бағдарламаның жуу көрсеткішімен сәйкестікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Егер ‘Интенсивті Eco жуу мүмкіндігін таңдасаңыз: 40ºC’ бұл дәстүрлі кір жуғыш машинадағы 60ºC циклді жуу көрсеткішімен пара пар деңгейге жетеді. Уақыт немесе жұмыс көрсеткіштерін жоғалтпастан, қуатты үнемдеуге болады.

Сыртқы киім

Samsung кір жуғыш машинасын Eco Bubble мүмкіндігімен бірге пайдалану, кір жуғыштың сыртқа киілетін киімдер үшін ерекше күтім ұсынатын біле отырып, су өткізбейтін киімді бұрынғыдан бетер ыңғайлылықпен жууға мүмкіндік береді. Eco Bubble жасаған көпіршікті орта су өткізбейтін қабатты қатты соққыдан және желінуден болатын зақымнан қорғайды, сыртқа киілетін киімге келетін зақымды азайтады және нәзік маталардың өзге түрлерін де қорғайды.

Балалардың киімін жуу жүйесі

Samsung кір жуғыш машинасында терісі сезімтал балалардың киімін қорғайтын, кір жуу бағдарламасы бар.

Бұл бағдарламалар балалар терісінің тітіркену қаупін төмендетеді, себебі жуғаннан кейін киімде кір жуғыш ұнтақтың аз ғана бөліктері қалады. Сондай-ақ бағдарламалар кірді түріне қарай бөлуді қарастырады да, кір жуу кірдің сипаттамасына сәйкес жүзеге асады.

Жүнді жууға арнайы сертификатталған

Кір жуғыш машина машинамен жууға болатын жүн өнімдеріне арналған Woolmark компаниясының қажетті техникалық шартына сай сынақтан өтті. Бұл таңба жуу көрсеткішіне ғана емес, жүн өнімдерінің маталарының күтіммен жуылатынына кепіл беретін қазіргі Woolmark шартынан да жақсырақ болып келетін жаңартылған сертификаттау болып табылады. Маталар Woolmark және Samsung компаниялары ұсынғандай киім жапсырмасындағы нұсқауларға сай жуылуы қажет.

Қолмен жуу

Күтімді жуу сәйкес температураға, судың қажет көлеміне және іш-киімдерге жұмсақ әсер етуге байланысты жүреді.

Жылдам жуу

Әрбір минут санаулы! Біздің 15 минуттық Жылдам жуу мүмкіндігі жуып, ісіңізге асығуға мүмкіндік береді. Жылдам жуу бағдарламамыз оқиғаға толы өміріңізді ауыздықта ұстауға көмектеседі – сүйікті киімдеріңізді (2 кг-ға дейін) ендігі жерде бар болғаны 15 минут ішінде жуа аласыз!

2_ Жаңа samsung кір жуғыш машинасының қызметі

WF1602WR-02795D-13_KK.indd 2

2014/8/11 10:32:56

Page 90
Image 90
Samsung WF1700WRW/YLP, WF1600WRW/YLP, WF1602WRK/YLP manual Жаңа samsung кір жуғыш машинасының қызметі