Балалардан қорғайтын құлып

«Балалардан қорғайтын құлып» басқару панелінің бұғаттау қызметі балалардың машина жұмысына араласпауына мүмкіндік береді.

Аталған қызметті қосқан кезде машинаны пайдалану процесі ойнап жүрген балалардан қорғалып тұрады.

Жууды кейін бастау

Бұл қызмет кір жуғыш машинасын өзіңізге ыңғайлы уақытта пайдалану үшін (арасы 1 сағаттан 19 сағаттан артық емес) кір жууды кейін бастауға мүмкіндік береді.

Кеңінен ашылатын есік

Кеңінен ашылатын есігі қарауға ыңғайлы! Енді төсек жабдықтары, орамал және т.б. сияқты көлемді заттарды да машинаға салып, шығару ешқандай қиындық тудырмайды.

Керамикалық жылытатын бөлігінің сенімділігі өте жоғары және үнемді (кейбір түрлерінде бар)

Жаңа керамикалық жылытатын бөлік қарапайым жылытатын бөліктерге қарағанда екі есе сенімді, бұл жөндеуге кететін шығын мөлшерін азайтады. Сондай-ақ мұндай жылытатын бөлікке қатты судан қақ тұрып қалмайды және ол электр энергиясын үнемдеуге көмегін тигізеді.

Бұл нұсқаулықта Samsung кір жуғыш машинасын орнату, қолдану және күту бойынша маңызды ақпараттар бар. Онда басқару панелі қалай жұмыс істейтіндігін, кір жуғыш машинаның мүмкіндіктері мен барлық қызметтерін қалай қолдану керектігін біле аласыз. 35 беттегі «Ақаулықтарды жою және қате туралы хабарламаларды оқу» бөлімінде бүлінулер болған жағдайда не жасау керек екендігі көрсетілген.

Жаңа samsung кір жуғыш машинасының қызметі _3

￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿

￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿