Eco барабанын тазарту

Eco барабанын тазарту мүмкіндігін пайдалану кір жуғыш машинаны аса таза ұстауға мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндіктің, Eco/Performance таңдауына қарай, барабанды тазалайтын химиялық тазалағыш реагенттерді пайдалану (немесе пайдаланбау) опциясы бар – жақсы нәтижені химиялық реагенттердің көмегінсіз-ақ көрсету үшін цикл Samsung компаниясы арқылы арнайы жасалды. Барабан ішінде ыстық суды (70ºC) айналдыратын осы арнайы тазалау бағдарламасы арқылы барабанды тазаланған және иіссіз күйде ұстаңыз, түбегейлі тазалау циклінің ұзақтығы 90 минуттан аспайды. Бұл жалғыз қалдырылған жағдайда өсіп, иістер мен түссізденуге әкелуі мүмкін барабан ішіндегі зең мен бактериялардан арылу үшін тиімді.

Eco Bubble мүмкіндігінің қолдауымен де жақсы жұмыс жасайды, осылайша маталарды үнемі салқындау келетін температураларда жууға және гигиена деңгейінің жоғары болуы үшін кір жуғыш барабанды аракідік тазалап тұруға мүмкіндік береді.

Балалардан қорғайтын құлып

«Балалардан қорғайтын құлып» басқару панелінің бұғаттау қызметі балалардың машина жұмысына араласпауына мүмкіндік береді.

Аталған қызметті қосқан кезде машинаны пайдалану процесі ойнап жүрген балалардан қорғалып тұрады.

Жууды кейін бастау

Бұл қызмет кір жуғыш машинасын өзіңізге ыңғайлы уақытта пайдалану үшін (арасы 1 сағаттан 19 сағаттан артық емес) кір жууды кейін бастауға мүмкіндік береді.

Сандық графикалық дисплей

Сандық графикалық дисплейдің басқару панелі түсінікті және сабылысты азайту үшін пайдалануға ыңғайлы етіп жасалған. Пайдалануды оңай еткенімен қоймай, сандық графикалық дисплей керемет жуу нәтижелеріне қол жеткізу үшін жуу циклына жылдам және дәл түзетулер жасауға мүмкіндік береді.

Кеңінен ашылатын есік

Кеңінен ашылатын есігі қарауға ыңғайлы! Енді төсек жабдықтары, орамал және т.б. сияқты көлемді заттарды да машинаға салып, шығару ешқандай қиындық тудырмайды.

Су ішекқұбыры және судың аққанын анықтайтын сенсор (кейбір түрлерінде бар)

Samsung кір жуғыш машиналарының ақылды түрде жасалған су қауіпсіздігінің жүйесі судың ағуын дәл ағатын тұсынан тоқтатуға арналған ақылды ішекқұбырды және машинаның төменгі жағында орналасқан судың аққанын анықтайтын сенсорды қамтиды. Егер ішекқұбыр жыртылып кетсе немесе судың аққаны байқалса, судың түтікшеден ағуын тоқтату үшін ішкі су сіңіргіш жөкені шығарады.

Керамикалық жылытатын бөлігінің сенімділігі өте жоғары және үнемді (кейбір түрлерінде бар)

Жаңа керамикалық жылытатын бөлік қарапайым жылытатын бөліктерге қарағанда екі есе сенімді, бұл жөндеуге кететін шығын мөлшерін азайтады. Сондай-ақ мұндай жылытатын бөлікке қатты судан қақ тұрып қалмайды және ол электр энергиясын үнемдеуге көмегін тигізеді.

Бұл нұсқаулықта Samsung кір жуғыш машинасын орнату, қолдану және күту бойынша маңызды ақпараттар бар. Онда басқару панелі қалай жұмыс істейтіндігін, кір жуғыш машинаның мүмкіндіктері мен барлық қызметтерін қалай қолдану керектігін біле аласыз. 37 беттегі «Ақаулықтарды жою және қате туралы хабарламаларды оқу» бөлімінде бүлінулер болған жағдайда не жасау керек екендігі көрсетілген.

Қазақша - 3

WF1702XQ-02994Q-08_KK.indd 3

2014/9/11 12:06:42

Page 91
Image 91
Samsung WF1602XQR/YLP Eco барабанын тазарту, Балалардан қорғайтын құлып, Жууды кейін бастау, Сандық графикалық дисплей