1.Есікті ашыңыз, кірді жуу дөңгелегінің ішіне салып, есікті жабыңыз.

2.Қосу түймешігін басыңыз.

3.Функцияны таңдаңыз.

4.Тазалағыш зат пен матаны жұмсартқыштың тиісті мөлшерін сәйкес бөлімдерге кір мөлшеріне қарай салыңыз және тазалағыш зат тартпасын жабыңыз.

Тазалағыш зат бөліміне тазалағыш заттың тиісті мөлшерін салыңыз және мата жұмсартқышты жұмсартқыш бөліміне талшықты жұмсартқыштың негізгі сызығынан (MAX) «A» аспайтындай етіп салыңыз)

Алдын-ала жуу бағыты таңдалған кезде, тазалағыш затты алдын-ала жуу бөліміне де салыңыз.

Сұйық тазалағыш затты пайдалану үшін сұйық тазалағыш қорабын тартпаның ішінде қалдырыңыз (31-ші беттегі «сұйық тазалағыш зат» бөлімін қараңыз).

Сұйық тазалағыш қорап ішіне ұнтақты тазалағыш затты қоспаңыз.

5.Қосу/Тоқтатып қою түймешігін басыңыз.

Жууды бастау үшін Қосу/Тоқтатып қою түймешігін басыңыз.

Кірдің мөлшері автоматты түрде анықталады және жуыла бастайды.

Кір жуғыш машинаның жұмысы басталған кезде, көпіршік функциясын қосу немесе таңдау мүмкін болмайды.

Тазалағыш заттың белгілі бір мөлшерінің арқасында көпіршіктер жеткілікті түрде жасалады.

Қалдықтар сүзгісін жиі тазалап тұрыңыз. Жүйелі түрде тазалау көпіршіктердің жеткілікті түрде шығуына көмектеседі.

Тазіне және кірге қарай, көпіршіктер сіңіп кетуі және көлемі аз сияқты көрінуі мүмкін.

Көпіршіктердің жуу басталғаннан кейін шығатынына қарамастан, қолданушылардың оларды көре алуына дейін бірнеше минут қажет болуы мүмкін.

КІР02ЖУУ

Қазақша - 27

WF1702XQ-02994Q-08_KK.indd 27

2014/9/11 12:06:51

Page 115
Image 115
Samsung WF1602XQR/YLP, WF1702XQR/YLP manual Қазақша